Хабарландыру
Қызылорда қаласы әкімдігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №18-04/245 бұйрығымен бекітілген «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу» Қағидаларына сәйкес резервте тұрған балық шаруашылығы маңызы бар су айдындарын бекітіп беруге конкурс жариялайды.
Конкурстың өткізілетін уақыты:
Конкурс 2020 жылы 27 шілде, сағат 10.00 өткізіледі.
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, М.Шоқай көшесі №147 үй, «Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, байланыс телефондары- 8(7242) (70-11-58)
Конкурсқа қойылатын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінің тізбесі
|
№ |
Су айдындарының атауы |
Ауданы (га) |
Бекітіп беру мерзімі |
Балық шаруашылығын жүргізу мақсаты |
Жыл сайынғы балықтандыру көлемі (дана) |
|
1 |
Иіркөл Прудхоз |
50 |
он жыл |
Тауарлы балық өсіру |
8750 |
Конкурстық құжаттар топтамасын Қызылорда қаласы, М. Шоқай көшесі №147 үй «Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады.
Сонымен қатар, конкурстың тәртібі Қызылорда облысы әкімдігінің ғаламтор-ресурсында (http://gov.kz/memleket/entities/ kyzylorda- tabigat?lang=kk) жарияланады.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2020 жыл 24 шілде сәуір сағат 18.00 дейін.
Өтінім тігілген күйінде, нөмірленген беттерімен беріледі және соңғы беті қол қою арқылы және мөрмен куәландырылады (егер болса, жеке тұлға үшін).
Жеке немесе заңды тұлғалар әрбір мәлімделетін балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне жеке конкурстық өтінім дайындап, оны хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша ұсынады.
Конкурстық құжаттар қатысушының толық атауы мен мекен-жайы, конкурсты ұйымдастырушының мекен-жайы және «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс» деген сөздер көрсетілген мөр басылған конвертте ұсынады.
Конкурстық өтінім тіркелген сәттен бастап өтінім берген тұлға конкурсқа қатысушы болады.
Конкурстық комиссия