
Перечень должностей, подверженных коррупционным рискам, определенных по итогам внутреннего анализа коррупционных рисков Сырдарьинский район (2024 год)
|
№ |
Мемлекеттік орган атауы |
Сыбайлас жемқорлық тәукеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері деңгейі |
|
1 |
«Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Бөлім басшысы, бөлімнің бас маманы |
Тәртіптік теріс қылық түрін анықтау |
ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларыныңс 27-тармағына сәйкес тәртіптік теріс қылықтың түрлерін айқындап, нәтижесімен тәртіптік жаза қолдану. Мәселен мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасаған сәтте алынбаған тәртіптік жазасы болса, заңнама талаптарына сәйкес қатаң жазалар қолдану көрсетілген. Алайда кадр қызметі жүктелген маман тәртіптік жаза қолдану барысында бұл талаптарды қасақана немесе абайсыздан есепке алмаған жағдайда мемлекеттік қызметшіге жеңіл тәртіптік жаза қолдануға мүмкіндік туындайды. |
орташа |
|
2 |
«Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Бөлім басшысы, бөлімнің бас маманы |
ҮЕҰ өкілдеріне арналған мемлекеттік сатып алуды өткізу. |
ҮЕҰ өкілдеріне арналған мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде техникалық ерекшелікті белгілі бір қоғамдық бірлестікке арнап жариялау. (Мысалы: жұмыс тәжірибесі, жұмыс өтілі т.б) |
орташа |
|
3 |
«Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Бөлім басшысы, бөлімнің сектор меңгерушісі |
Бюджеттік өтінім қабылдау |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының (әрі қарай-Қағидалар) 41-тармағында «қорлар мен негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлаған кезде есепке қорлар немесе негізгі құралдардың әрбір түрлері бойынша кем дегенде үш прайс-парақтар қоса беріледі» делінген.
Алайда, қолданыстағы заңнамамен аталған прайс-парақтарды алу көздері қарастырылмаған, сондықтан бюджеттік өтінімді жасау практикасында шығыстарды жоспарлау барысында прайс-парақтарды ұсыну мақсатында, орындаушы нарықтағы қызмет, жұмыс немесе тауар жеткізушілерден қажетті прайс-парақтарды сұратуға мәжбүр болып, екі жақ арасында сыбайлас жемқорлық туындайтын қарым-қатынас пайда болу мүмкін.. |
орташа |
|
4 |
«Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Бөлім басшысы, бөлімнің бас маманы |
Тәртіптік теріс қылық түрін анықтау |
ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларыныңс 27-тармағына сәйкес тәртіптік теріс қылықтың түрлерін айқындап, нәтижесімен тәртіптік жаза қолдану. Мәселен мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасаған сәтте алынбаған тәртіптік жазасы болса, заңнама талаптарына сәйкес қатаң жазалар қолдану көрсетілген. Алайда кадр қызметі жүктелген маман тәртіптік жаза қолдану барысында бұл талаптарды қасақана немесе абайсыздан есепке алмаған жағдайда мемлекеттік қызметшіге жеңіл тәртіптік жаза қолдануға мүмкіндік туындайды. |
орташа |
|
5 |
«Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Бөлім басшысы |
Бағынысты құрылымдық бөлімшелердің басшыларын (азаматтық қызметшілерді) қызметке тағайындау және босату |
Бөлімнің Ережесіне сәйкес бағынысты құрылымдық бөлімшелердің басшыларын қызметке тағайындайды. ҚР Еңбек кодексінің 139-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен не конкурс бойынша жүзеге асырылатындығы көрсетілген. Яғни құрылымдық бөлімшелердің басшыларын қызметке тағайындау әдісін таңдау барысында мемлекеттік органның басшысы өз қалауы бойынша шешімдер қабылдау өкілеттілігі бар. |
орташа |
|
6 |
«Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Бөлім басшысы, бөлімнің бас маманы |
бюджеттік инвестициялық жобаларды салу кезінде Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісіне қол қою |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурызындағы №229 бұйрығына сәйкес, бюджеттік инвестициялық жобаларды салу кезінде Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісіне қол қою кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін. |
орташа |
|
7 |
«Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Бөлім басшысы, бөлімнің бас маманы |
Мемлекеттік қызмет көрсету |
Сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу жұмыстарын қағаз түрінде жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.
|
төмен |
|
8 |
«Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Бөлім басшысы, бас маман |
Мемлекеттік қызмет көрсету |
«Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына (бұдан әрі - бұйрық) сәйкес еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі. «Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі туралы» 4-тарауында: Жергілікті атқарушы орган жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда қолданыстағы рұқсатты кері қайтарып алуды жүргізеді, - делінген. Алайда, жергілікті атқарушы органдардың жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырғандығын анықтау бойынша нақты алгоритмі жоқ. Еңбек қызметін жүзеге асыру бойынша нақты алгоритмнің болмауына байланысты аталған қызметті көрсету барысында өз қалауы бойынша шешімдер қабылдау өкілеттілігі туындауы мүмкін. |
орташа |
|
9 |
«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Персоналды басқару қызметі (кадр жұмысы) |
«Б» корпусының бос немесе уақытша бос лауазымдарына конкурс жариялау |
«Б» корпусының босаған немесе уақытша босаған лауазымдарына ол босаған уақыттан бастап конкурс жариялаудың мерзімі Қағидада көзделмеуі. Кандидаттарға қойылатын сұрақтардың қағаз түрінде болуы және сұрақ таңдау еркіндігі
|
орташа |
|
10 |
«Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлімінің «Сырдария аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Кәсіпорын басшысы |
Кәсіпорынның азаматтық қызметшілерін қызметке тағайындау және босату |
Кәсіпорынның Ережесіне сәйкес бағынысты кәсіпорынның азаматтық қызметшілерін қызметке тағайындайды. ҚР Еңбек кодексінің 139-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен не конкурс бойынша жүзеге асырылатындығы көрсетілген. Яғни азаматтық қызметшілерді қызметке тағайындау әдісін таңдау барысында мемлекеттік кәсіпорын басшысы өз қалауы бойынша шешімдер қабылдау өкілеттілігі бар. |
орташа |