Қаржыландыру және бюджет көрсеткіштері
Жалпы инвестиция: 2022 жылдан бастап аймақ спортын дамытуға барлық қаржыландыру көздерінен 68 млрд 815 млн теңге (құрылыс жұмыстарын қоса алғанда) бағытталды.2026 жылғы бюджет: Дене шынықтыру мен спортты қолдауға облыстық бюджеттен 28 млрд 118 млн теңге қаралды.
Анықтама: Бұл қаражат басқарманың толық сомасын, сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясындағы 6 спорт кешенінің (Шижаға, Бекарыстан би, Қожабақы, Әйтеке би, Шиелі, Келінтөбе) және «Қызылорда Арена» кешенінің 2026 жылға бөлінген қаржысын қамтиды.
- Ведомстволық құрылым және кадрлық әлеует
- Басқарма басшысы: Артаев Бахтияр Ғарифоллаұлы.
- Штат саны: Басқарма аппаратында 25 қызметкер жұмыс істейді (13 мемлекеттік қызметші, 12 штаттан тыс маман).
- Бағынысты мекемелер: Басқармаға қарасты 32 мемлекеттік мекеме қызмет көрсетеді.
- Жалпы салалық қызметкерлер саны: Өңірдің спорт саласында жалпы 3 838 адам еңбек етуде.
- Бұқаралық спортты дамыту және көрсеткіштер
- Спортпен шұғылданушылар үлесі: Қазіргі таңда облыста 377 мыңнан астам адам спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл аймақ халқының 44,6%-ын құрайды (республикалық индикатор – 42%).
- Балалар мен жасөспірімдер спорты: Өңірдегі 21 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде (БЖСМ) спорттың 38 түрі бойынша 670 жаттықтырушы-оқытушы жетекшілігімен 22 099 спортшы тұрақты оқу-жаттығу процесімен қамтылған.
- Спорттық инфрақұрылым және құрылыс жұмыстары
Облыс бойынша спорт нысандарымен қамтамасыз ету деңгейі 56,5%-ды құрайды. Өңірде барлығы 1 538 спорт нысаны бар (оның 927-сі ауылдық жерлерде).
Спорттық инфрақұрылымның құрамы:
Стадиондар – 13
Спорт кешендері – 60
Спорттық манеждер (жеңіл атлетикалық және футбол) – 2
Есу базасы – 1
Ату тирлері – 5
Хоккей корттары – 1
Жазықтық құрылғылар – 1 425
Теннис корттары – 17
Ипподромдар – 3
Жүзу бассейндері – 11
Спорт залдары – 806
Нысандардың құрылысы мен пайдалануға берілуі:
- 2022 жылдан бері: 25 спорт кешені пайдалануға берілді.
- Ірі жобалар:
- 2024 жылғы қазан: «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірлесе отырып, құны 3,4 млрд теңгелік заманауи «Теннис орталығы» ашылды.
- 2025 жыл: Қызылорда қаласында құны 26,5 млрд теңгелік 11 мың орындық жаңа заманауи стадион ашылды.
- 2026 жылғы құрылыс динамикасы:
- «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 спорт кешені (Шижаға, Бекарыстан би, Келінтөбе ауылдары) және «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен 1 «Инклюзивті спорт орталығы» пайдалануға берілді.
- Жыл соңына дейін ауылдық жерлерде тағы 2 спорт ғимаратының (Қожабақы ауылы мен Әйтеке би кенті) құрылысы аяқталып, ашылады деп жоспарлануда.
- Қызылорда қаласында құны 20 млрд 500 млн теңге болатын, аумағы 25 мың ш.м. құрайтын көпбейінді «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылысы аяқталып, осы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
- Кәсіби спорт және жоғары спорттық жетістіктер
2026 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша спортшыларды даярлау және медальдар санының өсу динамикасы төмендегідей сипатталады:
|
Көрсеткіш
|
2026 жылдың І тоқсаны
|
2026 жылдың ІІ тоқсаны (6 айлық қорытынды)
|
|
ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы
|
2
|
2
|
|
ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері
|
2
|
2
|
|
ҚР спорт шебері
|
6
|
21
|
|
ҚР спорт шеберлігіне кандидаттар
|
96
|
243
|
|
Әлем және Азия чемпионаттарының медалі
|
7 (5 алтын, 1 күміс, 1 қола)
|
10 (6 алтын, 2 күміс, 2 қола)
|
|
ҚР чемпионаттары мен кубоктарының медалі
|
149 (54 алтын, 43 күміс, 52 қола)
|
155 (55 алтын, 44 күміс, 56 қола)
|
- Бұқаралық спорттық іс-шаралардың орындалуыӨткізілген іс-шаралар: Жыл басынан бері облыс көлемінде 260-қа жуық спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 40 мыңға жуық адам қатысты (салыстырмалы түрде: І тоқсанда 250 іс-шараға 35 мың адам қатысқан).
- Күнтізбелік жоспардың орындалуы: Облыстық жоспар аясында 6 ҚР чемпионаты мен кубогы, 20 республикалық турнир, сондай-ақ 60 облыстық біріншілік пен турнир өткізілді (І тоқсанда: 3 ҚР чемпионаты, 10 республикалық және 35 облыстық турнир өткізілген болатын).
- Футбол клубтарын жекешелендіру (Президент тапсырмасы)
Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес, республикада алғашқылардың бірі болып қызылордалық «Қайсар» футбол клубы 2025 жылдың 30 қазанынан бастап жеке басқаруға берілді.
- Жаңа иесі: «TAU Group LTD» компаниясы (басшысы – Исламғали Қозбақов).
- Инвестициялық жоспар: Клубтың жаңа басшылығы тарапынан алдағы кезеңде «Қайсар» академиясының құрылысына және инфрақұрылымды дамытуға 18 млрд теңге көлемінде инвестиция салу жоспарланған.