Халықпен жұмыс туралы 2023 жылдың 9 айы бойынша есебі

2023 жылдың 9 айында басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 222 өтініш келіп түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 108, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер – 105 ұжымдық өтініштер – 8 және анонимді өтініш – 1. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімде жауаптары берілді.

Басқарма басшысының 2023 жылғы 2 наурыздағы №02-04/16 бұйрығымен жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бекітілген. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, облыстық мекемелер үйі ғимаратының
1 қабатында орналастырылған.

Есепті кезеңде басқарма басшысының жеке қабылдауында 30 азамат болды. Қабылдау барысында көше атауын беру, «Қазтест» жүйесі, үкіметтік емес ұйымдарының дерекқоры, «Сыр жастары» ипотекалық бағдарламасы және мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар бойынша т.б. ұсыныстар түскен. Барлық өтініш иелеріне заңдылыққа сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жарияланған күні

02 қараша 2023

Жаңарту күні

02 қараша 2023