2025 жылдың ІV тоқсан қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар

Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының бірі жариялылық пен ашықтықты қаматамасыз ету мақсатында басқарманың сайтына (https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-saulet?lang=kk) тоқсан сайын атқарылған жұмыстар туралы есебін тұрақты түрде орналастырады.

Сонымен қатар Facebook (фейсбук) әлеуметтік желісіндегі басқарма парақшасына (https://www.facebook.com/usagkzo ) тағайындаулар, жаңалықтар, тағы басқа мәліметтерді жариялау, БАҚ өкілдеріне сұхбат беру, брифинг ұйымдастыру жұмыстары тұрақты бақылауға алынған.

2025 жылдың қыркүйек айында Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы және т.б. заңнамаларға енгізілген өзгерістер бойынша мәжіліс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер «Мемлекеттік қызметтегі әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарына да қатысты.

Мемлекеттік және құқықтық қорғау қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және бюджет қаражатын тиімді игеру мақсатында басқарма қызметкерлеріне құқықтық оқытулар ұйымдастырылып, тиісті түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Сонымен қатар басқарманың әр кабинетіне сыбайлас жемқорлықтың зардабы туралы жадынама ораластырылған.

Жарияланған күні

05 қаңтар 2026

Жаңарту күні

05 қаңтар 2026