Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында 2021 жылдың 3-тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

 

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) басшысының 30.06.2021 жылғы №1198-НҚ бұйрығымен құқықтық жұмыстар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі (бұдан әрі-бөлім) құрылды.

Бөлімнің 2021 жылдың жарты жылдығына арналған жұмыс жоспары бекітіліп, белгіленген шаралар қазіргі таңда жүзеге асырылуда.

Ағымдағы жылдың III-тоқсанында басқармаға жеке және заңды тұлға өкілдерінен барлығы 14 өтініш келіп түсті. Оның 6-і қарау реттілігіне сәйкес тиісті құзырлы органдарға жолданса, қалған 8-і заңда белгіленген мерзімдерде қаралып, өтініш иелеріне заң талаптары түсіндіріле отырып, жазбаша жауаптар жолданды.

Басқарма құзыреті шеңберіндегі барлық мәселелер ашық және жария түрде электронды сипатта мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүргізіліп отыр.

Осы орайда, басқарма 2021 жылдың 11 тамыз және 22 қыркүйек күндері Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Қуандық Алтынай Қуандыққызының төрағалығымен және  Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілі Ұзақбаев Әмірхан Серікұлының қатысуымен   «Мемлекеттік сатып алуларда орын алған кемшіліктер туралы» тақырыбында қала және аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімдерінің басшыларына, сондай-ақ бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мамандарына арналған онлайн форматта дөңгелек үстел өткізілді.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың  24 қыркүйек күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі Айнұр Болатқызының қатысуымен Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында құқықтық оқыту шарасы өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралар туралы ақпараттар басқарманың ресми интернет-ресурстарында жарияланып отырады.

Азаматтар тарапынан, оның ішінде әлеуетті өнім берушілерден сұранысқа ие мемлекеттік сатып алу саласы бойынша Басқармамен 2021 жылдың III тоқсан бойынша 2 рет «Facebook» әлеуметтік желісінде интернет-конференция өткізілді.

Бұған қоса, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден сақтандыру, алдын алу мақсатында олардың кәсіби біліктілігі мен құқықтық деңгейін арттыру жұмыстары  жүзеге асырылуда. Бұл сипаттағы түсіндіру шаралары әрдайым басқарма басшылығы жанындағы мәжіліс барысында да жүргізілуде.

Осы бағыттағы жүргізіліп отырған шаралар бойынша мәліметтердің барлығы басқарманың ақпарат ресми интернет-ресурсына уақытылы орналастырылуда.

Сонымен қатар, Басқармамен ұйымдастырылған мемлекеттік сатып алулар бойынша сот органдарына әлеуетті өнім берушілер тарапынан түскен және анықталған анық емес ақпарат бойынша басқарма жүгінген талап арыз саны 12-ні құрайды. Оның ішінде 4 іс-қаралу сатысында, 4 іс-апелляциялық сатыда, 3 іс аяқталса, 1 іс-кассациялық сатыда.

Бұдан бөлек, бөліммен басқарманың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сомасы 1млн 135мың тг құрайтын мемлекеттік сатып алу жарияланды.

Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар тиісті деңгейде өз жалғасын табатын болады.

 

 

 

Жарияланған күні

05 қазан 2021

Жаңарту күні

05 қазан 2021