Меню

Страницы

Статья

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАҒА ҚОСЫМША «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» КММ-нің тауарларды мемлекеттік сатып алу және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөліміндерінің қызметтеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қосымша жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАҒА ҚОСЫМША

«Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» КММ-нің тауарларды мемлекеттік сатып алу және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөліміндерінің қызметтеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қосымша жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша

 

Қызылорда қаласы

09 желтоқсан 2022 жыл

 

КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 ж.
№12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» КММ-нің (бұдан әрі - Басқармасы) көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімінің (бұдан әрі - Бөлім) қызметтеріне қосымша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Ескертпе, Басқарманың 2022 жылғы 24 ақпандағы №132-нқ бұйрығына сәйкес 30.05.2022 жылы басқарманың барлық бөлімдерінің қызметіне қатысты 2021ж. және 2022ж. 5 айы кезеңі қамтылып, сондай-ақ  03.10.2022 жылы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» басқарманың 03.10.2022ж. №559-НҚ бұйрығына сәйкес басқарманың көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметіне қатысты ағымдағы жылдың мамыр және қыркүйек айлары қамтылып сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілген.

Ағымдағы жылдың қыркүйек және желтоқсан айларында басқарманың тауарларды мемлекеттік сатып алу және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімдерінің қозғайтын нормативтік құқықтық актілері негізінде жұмыс жасау барысында оларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкессіздіктер анықталуына байланысты қосымша зерттеулер жүргізіліп, 31.05.2022ж. және 03.10.2022 ж. ішкі талдаудың талдамалық анықтамаларына қосымша осы талдамалық анықтама рәсімделді.

Жұмыс тобының құрамы:

  • топ жетекшісі - басқарма басшысының орынбасары Д. Баймаханов;

- топ мүшелері – негізгі қызметтерді үйлестіру бөлімінің басшысы
А.Серіков, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Е.Шәмшиев, мемлекеттік сатып алуларға талдау жасау бөлімінің басшысы К.Алдажарова.

СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

  1. Бөлімдердің қызметін қозғайтын келесі нормативтік құқықтық актілері қосымша зерделенді:

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы
11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы;

- «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығы;

- «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығы;

- «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығы;

- «Негіздемелік келісім пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 17.01.2022 жылғы №44 бұйрығы;

- «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 521 бұйрығы.

Бірінші, тауарларды мемлекеттік сатып алу бөлімі бойынша:

1) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Мемлекеттiк сатып алу туралы заңының (әрі қарай - Заң) 13 бабына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдерінің бірі болып тауар биржалары мен негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс тәсілдері белгіленген.

Заңның 13 бабының 2 тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган айқындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесін қоспағанда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін осы Заңға сәйкес айқындайды.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына сәйкес, Биржалық тауарлардың тізбесінің 4 жолағында «Мұнай өнімдері (автомобиль бензині, дизель отыны, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын)» тауарлары көрсетілген. Яғни, сатып алу барысында аталған тауарлар биржалар арқылы тәсілмен жоспарлану тиісі көзделген.

Ал, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 17.01.2022 жылғы №44  бұйрығының тізбесінде де, жоғарыда көрсетілген тауарлар (Мұнай өнімдері (автомобиль бензині, дизель отыны) негіздемелік келісім пайдаланылатын конкурс тәсілімен жүргізілетіні көзделген.

Бұл ретте, Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 5 бабы 2) тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту барысында түсініспеушілік тудыратынын есепке алу қажет.

Себебі, «Мұнай өнімдері (автомобиль бензині, дизель отыны, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын)» тауарларын сатып алу кезінде, мемлекеттік сатып алудың тәсілін айқындау талабы «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығымен қоса «Негіздемелік келісім пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 17.01.2022 жылғы №44 бұйрығында көзделген.

          Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы
30 қарашадағы № 598 «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау элементтері бұзушылықтарды жою тәсілдерінің № 15 бейіні – Биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін құқыққа сыйымсыз таңдау хабарламасымен қамтылған. Яғни, бұл ретте, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын заңға сәйкес бекітілмеген жағдайда, одан бөлек, камералдық хабарламаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығының 32-бабы 1-тармағына сәйкес, белгіленген мерзімде орындалмауы мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға әкеп соғады.

ҰСЫНЫМ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 434-V ЗРК заңының Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 13 бабын «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін бірнеше уәкілетті орган тарапынан айқындалған жағдайда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті органдардың бұйрығына сүйене отырып, Заңға сәйкес дербес бекітеді.» деген тармағымен толықтыру қажет деп санаймыз.

2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы
31 мамырдағы № 521 «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен «Бағдарламалық қамтамасыз ету тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» тізбесі бекітілген.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындаған және ТЖҚ БНА сәйкес келетін тек тізбеге енгізілген әлеуетті өнім берушілер қатыса алатын талап, мемлекеттік сатып алуда бәсекелестікті негізсіз шектеуге, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу шараларын созылуына әкелетіні айқын.

Бұдан бөлек, кез келген тапсырыс беруші «Сигналдарды басқыш» тауары сатып алуын жоспар барысында, ТЖҚ коды жолағында 262030.100.000038 таңдауымен бір ғана әлеуетті өнім берушіден өтінім күтулуі қолжетімді (МСА веб-порталының 09.12.2022 ж. мәліметі бойынша).

Бұл, Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 4 бабы 2) тармағында көрсетілген қағидатына қайшы келетіні анық.

ҰСЫНЫМ: Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 4 бабы 2) тармағын орындау мақсатында, яғни, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру негізінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 521 бұйрығының күшін жою ұсынылады.

 

Екінші, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімі бойынша:

1) Құрылыс объектілері жауапкершілік деңгейі (I – жоғары, II – қалыпты,  II - төмендетілген) және функционалдық мақсаты (өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар және құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге құрылыстар) бойынша бөлінеді және олар «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына (әрі қарай - №165 бұйрық) сәйкес айқындалады.

Сондай-ақ, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығының (әрі қарай - Қағида) 266-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің құрылыс (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау) саласындағы жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде жиынтығында объектінің жауапкершілік деңгейі, техникалық күрделілігі, функционалдық мақсаты, бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы есепке алынады.

Анықтама ретінде:

1) Егер конкурстың нысанасы бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, тек бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

Егер конкурстың нысанасы екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары) және екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

Егер конкурстың нысанасы үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары), екінші (қалыпты) және үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі;

2) Егер конкурстың нысанасы техникалық күрделі объектілер (кешендер) болып табылса, тек техникалық күрделі объектілердің (кешендердің) жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

Егер конкурстың нысанасы техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.);

3) функционалдық мақсаты (өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар);

4) бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсас болуы тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің тиісті кіші түрінің бір тармақшасында болған жағдайда ескеріледі.

Мысал ретінде:

Егер, мемлекеттік сатып алу нысаны «Көп қабатты тұрғын үй құрылысы» (№165 бұйрыққа сәйкес, функионалдық мақсаты - тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерге жатқызылған) болып табылған жағдайда, Қағиданың 266-тармағына сәйкес функционалдық мақсаты тек тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер есепке алынуы тиіс, сол сияқты, мемлекеттік сатып алу нысаны «Газ тарату желілерінің құрылысы» (№165 бұйрыққа сәйкес, функционалдық мақсаты - өзге де құрылыстар) болып табылған жағдайда, Қағиданың 266-тармағына сәйкес функионалдық мақсаты тек өзге де құрылыстар есепке алынуы тиіс.

Осы ретте, Қағиданың 274-тармағына сәйкес, құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын, «Расталды» мәртебесі бар электрондық депозитарийдегі мәліметтер мен құжаттар Заңның 47-бабының тәртібімен шағымдануға жатпайды (Қағиданың орысша нұсқасында: При осуществлении государственных закупок работ в сфере строительства (строительно-монтажные работы и работы по проектированию) сведения и документы, подтверждающие опыт работы потенциального поставщика, находящихся в электронном депозитарии со статусом "Подтверждено" учитываются конкурсной комиссией и обжалованию в порядке статьи 47 Закона, не подлежат).

Ал, Қағиданың 94-тармағына сәйкес, егер объектілерді пайдалануға қабылдау актісінде көрсетілген құрылыс объектісінің атауы функционалдық мақсаттың бірнеше түрлерін көздеген жағдайда, онда әлеуетті өнім берушінің мұндай жұмыс тәжірибесі электрондық депозитарийге функционалдық мақсаттың әрбір түрі бойынша жеке енгізіледі.

Дегенмен, қазіргі таңда, кейбір әлеуетті өнім берушілер функционалдық мақсаты - тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерге жатқызылған жұмыс тәжірибелерін электрондық депозитарийде функционалдық мақсаттың бірнеше түрі бойынша енгізіп, «Расталды» мәртебесін алып алған.

Алайда, ол объектілердің пайдалануға қабылдау актісінде көрсетілген құрылыс объектісінің атауы функционалдық мақсаттың тек бір түрін көздейді.

Яғни, Қағиданың 94-тармағы және әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибелерін есептеу кезінде әлеуетті өнім берушілер арасында тең мүмкіндіктер беру, адал бәсекелестік, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу қағидаттары бұзылуда.

Сонымен қатар, қазіргі таңда рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып өткізілетін конкурс тәсілі енгізілген және онда конкурстық комиссия құрылмайды, қорытындысы шағымдануға жатпайды (Қағиданың 325-333 тармақтары).

Яғни, веб-портал әлеуетті өнім берушілердің жоғарыда көрсетілгендей жұмыс тәжірибелерін электрондық депозитарийдегі мәліметтерге сәйкес автоматты түрде есептейді.

Осыған байланысты, электрондық депозитарийдегі әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибелерін қалыптастыруды, растауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарастыру қажет деп санаймыз.

ҰСЫНЫМ: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 207-бабына келесідей толықтыру енгізу: әлеуетті өнім берушілердің электрондық депозитарийге жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізу туралы өтінімін негізсіз растау, сол сияқты мұндай мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийден алып тастау және (немесе) бұғаттау –

лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады делінген сөйлеммен толықтыру қажет.

2) Құрылыс объектілері жауапкершілік деңгейі (I – жоғары, II – қалыпты,  II - төмендетілген), техникалық күрделілігі (күрделіге жататын, күрделіге жатпайтын) бойынша бөлінеді және олар «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына (әрі қарай - №165 бұйрық) сәйкес айқындалады.

Сондай-ақ, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу барысында бас жобалаушы объектінің жауапкершілік деңгейі мен техникалық күрделілігін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысында нақтылайды.

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығының (әрі қарай - Қағида) 266-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің құрылыс (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау) саласындағы жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде жиынтығында объектінің жауапкершілік деңгейі, техникалық күрделілігі, функционалдық мақсаты, бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы есепке алынады.

Анықтама ретінде:

1) Егер конкурстың нысанасы бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, тек бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

Егер конкурстың нысанасы екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары) және екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

Егер конкурстың нысанасы үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары), екінші (қалыпты) және үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі;

2) Егер конкурстың нысанасы техникалық күрделі объектілер (кешендер) болып табылса, тек техникалық күрделі объектілердің (кешендердің) жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

Егер конкурстың нысанасы техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.);

3) функционалдық мақсаты (өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар);

4) бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсас болуы тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің тиісті кіші түрінің бір тармақшасында болған жағдайда ескеріледі.

Мемлекеттік сатып алу заңдылығында әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибелерін есептеу кезінде объектінің жауапкершілік деңгейін және техникалық жағынан күрделілігін нақты №165 бұйрыққа сәйкес айқындау керектігі көрсетілмеген.

Сондықтан, тәжірибеде әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибелерінің жауапкершілік деңгейімен техникалық күрделілігн айқындау екі түрлі пікірге қалыптасқан, мысалы уәкілетті орган техникалық күрделлігін №165 бүйрыққа сәйкес айқындаса, конкурстық комиссия мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысына сәйкес айқындайды.

Осыған байланысты, Қағиданың 266-тармағына объектінің жауапкершілік деңгейі мен техникалық күрделілігін айқындау жөнінде өзгерістер енгізу қажет деп санаймыз.

ҰСЫНЫМ: Қағиданың 266-тармағының 2) тармақшасына келесідей толықтыру енгізу: Әлеуетті өнім берушінің құрылыс (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау) саласындағы жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде жиынтығында мыналар есепке алынады:

1) ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (біріншісі – жоғары, екіншісі – қалыпты, үшіншісі – төмен).

Егер конкурстың нысанасы бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, тек бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

Егер конкурстың нысанасы екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары) және екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

Егер конкурстың нысанасы үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары), екінші (қалыпты) және үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі;

2) объектілердің техникалық күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар).

Егер конкурстың нысанасы техникалық күрделі объектілер (кешендер) болып табылса, тек техникалық күрделі объектілердің (кешендердің) жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

Егер конкурстың нысанасы техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.);

Бұл ретте, ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі мен объектілердің техникалық күрделілігі мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысына сәйкес айқындалады, ал мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы болмаған жағдайда «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына сәйкес айқындалады деген сөйлеммен толықтыру ұсынылады.

3) Мемлекеттiк сатып алу заңдылығына сәйкес (Заңының 12-бабы 4-тармағы), анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілерді немесе өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өздеріне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндеттелген.

Сондай-ақ, әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінбеуге немесе уақтылы жүгінбеуге әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекспен (207-бабы 10-тармағы ) – лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

«Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығының 18-тармағына сәйкес, тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімін (бұдан әрі – Сот шешімі) веб-портал арқылы алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы алған Сот шешімінің электрондық көшірмесін, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынады.

Алайда, сот шешімімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылған әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізбеу немесе уақтылы енгізбеуге әкімшілік жауапкершілік қаралмаған.

Осыған байланысты, жауапкершілктің жоқтығынан лауазымды тұлғалар мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылған әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні жосықсыз қатысушылар тізіліміне өзара келісу арқылы енгізбеу немесе уақтылы енгізбеу фактілері сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін тудырады.

ҰСЫНЫМ: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 207-бабы 10-тармағына келесідей өзгерістер енгізу:

Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының:

1) әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген;

2) өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерді орындамаған;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді тиiсiнше орындамаған жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі, сол сияқты мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізбеу немесе уақтылы енгізбеу –

лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді деген сөйлеммен толықтыру.

4) «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 6-бабы
1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, әлеуетті өнім беруші, егер осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі болып табылса өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.

Алайда аталған тармақшада мемлекеттік сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші арасында жасалатындықтан, әлеуетті өнім берушінің бірінші басшылары тапсырыс берушінің жегжаттары болып табылған жағдай қарастырылмаған.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

ҰСЫНЫМ: Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6 бабы 1-тармағының 1-тармақшасына келесі редакцияда өзгеріс енгізу бойынша Қаржы министрлігіне ұсыныс жолдау: «әлеуетті өнім берушінің бірінші басшылары тапсырыс берушінің жегжаттары болып табылған жағдайда мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқығы болмайды».

5) Мемлекеттік сатып алу заңдылығына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) екіден бірінен астам жиынтығын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруге тиым салынған.

Тапсырыс берушімен келісілмеген қосалқы мердігерлер тартылған жағдайда, сондай-ақ жұмыс көлемінің екіден бірінен көбін қосалқы мердігерге берген кезде тапсырыс беруші растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бір жақты тәртіппен шартты бұзуға құқылы.

Яғни, құқылы деген сөз тапсырыс берушіге шартты бұзу немесе бұзбау құқығына таңдау беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелу мүмкін.

ҰСЫНЫМ: Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 34-қосымша (Құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы (құрылыс-монтаждау жұмыстары) үлгілік шарт) 8.8-тармағына келесідей өзгерістер енгізу:

Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Мердігер Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

Тапсырыс берушімен келісілмеген қосалқы мердігерлер тартылған жағдайда, сондай-ақ жұмыс көлемінің екіден бірінен көбін қосалқы мердігерге берген кезде тапсырыс беруші растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бір жақты тәртіппен шартты бұзуға міндетті деген сөзбен ауыстыру.

6) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 238-тармағына сәйкес, конкурстық құжаттамаға 8, 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбауы, сондай-ақ толық емес ұсынуы әлеуетті өнім берушіні (немесе) оның қосалқы мердігерін конкурсқа жібермеуге негіз болып табылады.

Конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаның 1 бөлігіне сәйкес, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, рұқсаттардың (хабарламаның) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы туралы мәліметтерді толтырады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда конкурстық құжаттамаға 8, 9, 10 және 11-қосымшалар веб-порталда автоматты түрде қалыптасады, яғни оларды ұсынбауы техникалық жағынан мүмкін емес.

Көрсетілген екі норма бір-біріне қайшы болуына байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

ҰСЫНЫМ: Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 238-тармағына келесідей өзгерістер енгізу:

конкурстық құжаттамаға 8, 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбауы, сондай-ақ толық емес ұсынуы – бөлігін мүлдем алып тастау.

Талдау нәтижесінде Басқарманың қолданысындағы нормативтік құқықтық актілерінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша,

 

ҰСЫНЫМДАР:

 

 

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 434-V ЗРК заңының Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 13 бабын «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін бірнеше уәкілетті орган тарапынан айқындалған жағдайда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті органдардың бұйрығына сүйене отырып, Заңға сәйкес дербес бекітеді.» деген тармағымен толықтыру жөнінде ұсынысты уәкілетті органға жолдау;

2) Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 4 бабы 2) тармағын орындау мақсатында, яғни, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру негізінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 521 бұйрығының күшін жою жөнінде ұсынысты уәкілетті органға жолдау;

3) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 207-бабына: әлеуетті өнім берушілердің электрондық депозитарийге жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізу туралы өтінімін негізсіз растау, сол сияқты мұндай мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийден алып тастау және (немесе) бұғаттау – лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады - делінген ұсынысты уәкілетті органға жолдау;

4) Қағиданың 266-тармағының 2) тармақшасына: Әлеуетті өнім берушінің құрылыс (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау) саласындағы жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде жиынтығында мыналар есепке алынады:

...

Бұл ретте, ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі мен объектілердің техникалық күрделілігі мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысына сәйкес айқындалады, ал мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы болмаған жағдайда «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына сәйкес айқындалады - делінген толықтыруды уәкілетті органға жолдау;

         5) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 207-бабы 10-тармағына: Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының:

1) әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген;

2) өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерді орындамаған;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді тиiсiнше орындамаған жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі, сол сияқты мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізбеу немесе уақтылы енгізбеу – лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді - делінген өзгерісті уәкілетті органға жолдау;

6) Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6 бабы 1-тармағының 1-тармақшасына: «әлеуетті өнім берушінің бірінші басшылары тапсырыс берушінің жегжаттары болып табылған жағдайда мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқығы болмайды» - делінген өзгерісті уәкілетті органға жолдау;

7) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 34-қосымша (Құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы (құрылыс-монтаждау жұмыстары) үлгілік шарт) 8.8-тармағына:

Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Мердігер Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

Тапсырыс берушімен келісілмеген қосалқы мердігерлер тартылған жағдайда, сондай-ақ жұмыс көлемінің екіден бірінен көбін қосалқы мердігерге берген кезде тапсырыс беруші растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бір жақты тәртіппен шартты бұзуға міндетті -  делінген өзгерісті уәкілетті органға жолдау;

8) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 238-тармағына:

конкурстық құжаттамаға 8, 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбауы, сондай-ақ толық емес ұсынуы – бөлігін мүлдем алып тастау – делінген ұсынысты уәкілетті органға жолдау;

  9) Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органдарға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құруды.

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Басқарма басшысының

орынбасары (топ жетекшісі)

 

 

 

Д. Баймаханов

 

 

 

 

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы (топ мүшесі)

 

 

 

Е. Шәмшиев

 

Негізгі қызметтерді үйлестіру бөлімінің басшысы (топ мүшесі)

 

Мемлекеттік сатып алуларға

талдау жасау бөлімінің басшысы
(топ мүшесі)

 

 

А. Серіков

 

 

К. Алдажарова

 

Қарау және тиісті шараларды

қабылдау үшін ұсынылады:

 

 

 

Басқарма басшысының

міндетін атқарушы                                                                             Ғ. Ілкібаев                                               

 

 

 

 

Дата публикации
09 декабря 2022
Дата обновления
09 декабря 2022
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
14 октября 2026
Отчет о рассмотрении обращений физических и юридических лиц
02 октября 2026
ГРАЖДАНСКИЙ БЮДЖЕТ НА 2026 ГОД
02 сентября 2026
ГРАЖДАНСКИЙ БЮДЖЕТ НА 2026 ГОД

Социальные медиа

Социальные сети

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы