Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 2024 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы

Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 2024 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы

 

         Басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 2024 жылға атқаратын жұмыс жоспары бекітіліп, ондағы іс-шаралар негізінен қызметкерлердің әлеуметтік зұлымдыққа төзімсіз көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.

         Жоспарға сәйкес, бірінші кезекте басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру үшін осы сипаттағы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі мен Қылмыстық кодексінің нормаларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Басқарма қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған құқықтық семинар іс-шаралары ұйымдастырылды.

         Өткізілген құқықтық семинарларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандары қатысып тиісті түсіндірмелер жүргізілді.

         Семинарларда мемлекеттік қызметшінің лауазымдық өкілеттіктерін өзінің жеке мүдделерін қанағаттандыруға пайдалануы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатыны барлық қызметкерлерге қатаң ескертіліп, қызмет бабында қызметтік этиканы қатаң сақтау талап етілді.

         Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметкерлерге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 13-бабында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туалы» ҚР Заңының 12-бабында көзделген мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер мен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» стандарттары түсіндіріліп, қағаз тасығыштағы нұсқаларына қолдарын қойдыру арқылы таныстырылды және олар жеке істеріне тіркелді.

         Бұндай түсіндіру және бақылау шаралары жұмыс барысында бөлім басшылары тарапынан да жүзеге асырылуда.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында халықпен кері байланыс орнату жұмыстары жолға қойылып, басқармаға келуге ниет білдірген азаматтарды жеке қабылдау тұрақты негізде ұйымдастырылып келеді.

         Басқарманың бақылау салалары бойынша қабылданатын шешімдердің ағымына мүдделі тұлғалардың заңсыз араласуына және олардың қызметкерлерді түрлі құқық бұзушылықтарға арандатушылық әрекеттеріне жол бермеу мақсатында, қызметкерлердің жұмыс уақытындағы жүріс-тұрыстарына бейнебақылау камералары  арқылы бақылау орнатылып, ішкі қауіпсіздік күшейтілді.

         Бұған қоса, қызметкерлердің жұмыс барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттерге жол бермеу жағдайларына бақылау жүргізіліп келеді.

         Атқарылған шаралардың нәтижесінде Басқарма қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

         Басқарма қызметінің ашықтығын, ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары да жолға қойылып, атқарылған жұмыстар туралы басқарманың «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желісінде және «Gov kz» ресми сайтында 561  мақалалар мен жаңалықтар жарияланды.

         Заңнамаларды түсіндіру мақсатында БАҚ-қа 11 сұхбат берілді.

         Бұған қоса, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес Басқарманың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің қызметінде туындайтын нормативтік құқықтық актілеріндегі сәйкессіздіктерді анықтау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

         Ішкі талдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылды.

         Бірінші. нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты;

         Екінші. ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты.

         Талдау нәтижесімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың төрт  жағдайы анықталды.

         Сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бағытында анықталған тәуекелдерді реттеу мақсатында аталған нормаларға толықтырулар енгізу мүмкіндіктерін қарастыру үшін уәкілетті органға ұсыныстар жолданды.

         Бұдан бөлек, Сыбайлас жемқорлық профилактикасына қатысты облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Е.Бәкіровтің 26.01.2024жылғы №12-4/550 тапсырмасына сәйкес қосымша шаралар белгілеу мақсатында басқарма қызметкерлерінің қатысумен семинар өткізілді.

         Семинарда мемлекеттік қызметшінің лауазымдық өкілеттіктерін өзінің жеке мүдделерін қанағаттандыруға пайдалануы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатыны барлық қызметкерлерге қатаң ескертіліп, қызмет бабында және одан тыс уақыттарда қызметтік этиканы қатаң сақтау талап етілді.

Жарияланған күні

08 қазан 2024 12:02

Жаңарту күні

08 қазан 2024

Түрі