Мемлекеттік сәулет - құрылыс инспекциясы және негізгі қызметті үйлестіру бөлімінің ережесі
Қызылорда облысының мемлекеттік
сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
басшысының
2025 жылғы «_____» _____________
№ __________ бұйрығымен бекітілген
1-қосымша
«Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы және негізгі қызметті үйлестіру бөлімінің ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы және негізгі қызметті үйлестіру бөлімі(бұдан әрі – бөлім) «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.
- Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы және негізгі қызметті үйлестіру бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарманың басшысы бекітеді.
- Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы және негізгі қызметті үйлестіру бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
- Бөлімнің міндеттері мен функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін және басқа нормативтік-құқықтық актілерді, басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын орындайды және орындалуын қамтамасыз етеді;
2) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
3) Басқарманың және бөлімнің міндетіне жататын жұмыстарды жоспарлауды үйлестіреді, басқарманың құзыреті аясындағы және берілген тапсырмаларды орындау бойынша ұйымдастыру-әдістемелік шараларды қабылдайды және орындайды;
4) Басшылықтың тарапынан өткізілетін мәжілістерді ұйымдастырады, ұсыныстар береді және бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды, мәжілістер мен кеңестер өткізеді;
5) Басқарма бойынша құжат айналымының дұрыс жүргізілуін ұйымдастырады, бақылаудағы құжаттардың орындалуына, «Е-өтініш», «Документолог» ақпараттық жүйелері арқылы келіп түскен хаттар мен жолданымдардың заңдарда белгіленген мерзімдерде қаралуына қадағалау жасайды;
6) Басқармада еңбек тәртібінің сақталуын бақылайды;
7) Басқарма бойынша көзделген қоғамдық сипаттағы шараларды ұйымдастырады;
8) Басқарманың кадр мониторингінің және кадрлық істерінің жүргізілуіне, оның ішінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің жұмысына басшылық жасайды;
9) Басқарманың негізгі қызмет саласына қатысты ақпараттық-талдамалық, анықтамалық материалдар әзірлейді;
10) Облыс әкімінің ресми веб-порталына тиісті мәліметтердің енгізілуіне және басқарманың ресми әлеуметтік парақшасының жүргізілуіне бақылау жасайды;
11) Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады;
12) Басқарманың бақылау қызметін үйлестіру мақсатында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласында жүргізілген тексерулер бойынша ақпараттық есептеріне талдау жасайды;
13) Бақылау-қадағалау нәтижелері бойынша жолданған ұсынымдардың және орындалуы міндетті заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалу жағдайына жүйелі түрде мониторинг жүргізеді;
14) Басқарманың құзыретіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс-жүргізу, әкімшілік айыппұлдарды өндіру, мәжбүрлеп өндіру жұмыстарын үйлестіреді;
15) Бөлімнің жұмысын жоспарлайды, өндірістегі тапсырмалардың, бақылау тапсырмаларының, жұмыс жоспарларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді, сәулет-құрылыс бақылауы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жолданымдардың заңда белгіленген мерзімдерде қаралып, түпкілікті шешілуіне басшылық жасайды;
16) Орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына, оның ішінде тіреу және қоршау конструкцияларының беріктігіне, орнықтылығына, сенімділігіне, үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасына мобильді зертханалық құрал-саймандарды қолдана отырып инспекциялау жүргізуді ұйымдастырады;
17) Мемлекеттік құрылыс инспекторы болып табылады және оның қызметін атқарады;
18) Қажеттілігіне қарай аккредиттелген тәуелсіз құрылыс компанияларын тарта отырып, орындалып жатқан (орындалған) құрылыс объектілері конструкцияларының, қолданылатын құрылыс материалдары мен бұйымдарының бекітілген жоба-сметалық құжаттаманың және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында зертханалық сынақтар жүргізуді қамтамасыз етеді;
19) Салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан құрылыс объектілеріне мемлекеттік сәулет -құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес объектілерге (субъектілерге) бару арқылы профилактикалық бақылау шараларын:
-өнеркәсіптік объектілерде, өндірістік ғимараттарда, құрылыс жайларда;
-жасанды микроклиматтың арнайы құрылғыларында және (немесе) арнайы күзет немесе терроризмге қарсы іс-шараларды талап ететін, мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарында, республикалық маңызы бар музейлердің, мемлекеттік архивтердің, ұлттық және мәдени құндылықтарды сақтау қоймаларының ғимараттарында және қалалар мен елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінде;
-әлеуметтік мәні бар объектілерде (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарында және басқаларында);
-тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерде;
-көліктік инфрақұрылым объектілерінде;
-сумен жабдықтау және су бұру объектілерінде;
-өзге де ғимараттарда және құрылысжайларда жүргізеді;
21) Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша салынып жатқан және пайдалануға берілген құрылыс нысандарына жоспардан тыс тексерулер жүргізеді;
22) Жер учаскесіне тиісті құқықтың, бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының бар-жоғын, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіле бастағаны туралы хабарлануын, хабарламада көрсетілген деректердің анықтығын тексереді;
23) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның бар-жоғын тексереді;
24) Орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдарының, конструкцияларының) және жабдықтардың бекітілген жобалық шешімдерге және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге, оның ішінде тіреу және қоршау конструкцияларының беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерге сәйкестігін тексереді;
25) Мердігердің (бас мердігердің) құрылыс сапасын өзіндік өндірістік бақылаудың және қадағалаудың барлық (кіру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлері мен нысандарын ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына бақылау жүргізеді;
26) Атқарушылық құжаттаманың уақытылы және дұрыс рәсімделуіне, объектілерді салу кезінде тапсырыс берушінің (меншік иесінің) техникалық және авторлық қадағалауды ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардың «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
27) Аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
28) Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда:
-ұлттық стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын қолдануға тыйым салу туралы;
-жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаж ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жою туралы;
-құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды (нұсқама береді);
29) Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау анықталған кезде тапсырыс берушінің жол берген бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы және (немесе) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды (нұсқама береді);
30) Жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берген бұзушылықтарды берілген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген жазаларды қолданады;
31) Нормативтік құқықтық актілердің және сәулет-құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұзушыларға Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте тиісті шаралар қолданады;
32) Техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардың «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды сақтауына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асырады;
33) Бөлімде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің заңдылығын қамтамасыз етеді;
34) Техникалық қадағалаушылардың ай сайынғы негізде объекті құрылысының жай-күйі және барысы туралы есебін қабылдайды және оның шынайлығын тексереді;
35) Жедел ден қою шараларын қолданады;
36) Басқарманың қаржылық, бухгалтерлік есебін жүргізуді белгіленген ережеге сәйкес ұйымдастырады, есептердің, құжаттамалардың, аванстық есептердің және өзге де қаржыға қатысты құжаттардың дұрыс рәсімделуін үйлестіреді;
37) Штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, бюджеттік бағдарламалардың құжаттарын жасайды, айлық, тоқсандық, жылдық бухгалтерлік есептердің уақытылы және сапалы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
38) Бюджетке салықтық және басқа да бюджетке міндетті төлемдердің, зейнетақы жарналарының және қызметкерлер жалақысының дұрыс есептелуін, уақытылы аударылуын үйлестіреді;
39) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлейді, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастырады және өткізеді;
40) Басқарманың қызмет саласына қатысты ақпараттық-талдамалық, анықтамалық материалдар әзірлейді;
41) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Бөлім мыналарға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінде көзделген талаптарды сақтай отырып,салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан құрылыс объектілері мен кешендерге баруға және оларда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарын жедел инспекциялауды жүргізуге;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан құрылыс объектілері мен кешендер туралы ақпарат сұратуға және алуға;
3) техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан танысу үшін осы құрылыс бойынша қажетті жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұратуға және алуға;
4) салынып жатқан объектілері конструкцияларының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының жобаның және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігіне зертханалық сынақтар жүргізу үшін тәуелсіз зертханаларды тартуға;
5) шешілуі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау органдары құзыретінің шегінен тыс қалатын жағдай туындаған кезде бақылау мен қадағалауды:
- құрылыс өнімін сертификаттау бөлігінде - техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органды;
- құрылыс өнімін стандарттау бөлігінде - стандарттау саласындағы уәкілетті органды;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау бөлігінде - өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органды;
- объектілерді немесе олардың бөліктерін салу және (немесе) пайдалану салдарынан аумақтың экологиялық жай-күйіне олардың әсер етуіне бақылау жүргізу бөлігінде - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды;
- су қорғау аймақтарының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бақылау жүргізу бөлігінде - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органды;
- мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде - халықты әлеуметтік қорғау уәкілетті органын тарта отырып жүзеге асыруға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді іске асыруға құқылы.
- Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы және негізгі қызметті үйлестіру бөлімінің қызметін ұйымдастыру
- Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы және негізгі қызметті үйлестіру бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді;
- Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы және негізгі қызметті үйлестіру бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады;
- Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы және негізгі қызметті үйлестіру бөлімінің басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;
- Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы және негізгі қызметті үйлестіру бөлімінің басшысы басқарма басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді;
- Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы және негізгі қызметті үйлестіру бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кіріс-шығыс құжаттарына бөлімнің басшысы бұрыштама қояды.
Бөлім басшысы:
1) бөлімнің жұмысын басқарады және ұйымдастырады, бөлім мамандарының шығармашылық, кәсіби жұмыс атқаруына қолайлы жағдай қалыптастырады;
2) басқарма басшысына бөлім туралы Ережені, бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтарын бекітуге ұсынады;
3) бөлімнің ұзақ мерзімді және ағымдағы жоспарларын әзірлейді, орындалуын қадағалайды;
4) бөлім бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады.
5) бөлімнің жергілікті мемлекеттік органдарымен өзара жұмыс қарым-қатынасын үйлестіреді;
6) Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы және негізгі қызметті үйлестіру бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге, мемлекеттік органдарға жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
31
18 тамыз 2020 00:00
14 сәуір 2025