Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы
Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы
Басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 2023 жылға атқаратын жұмыс жоспары бекітіліп, ондағы іс-шаралар негізінен қызметкерлердің әлеуметтік зұлымдыққа төзімсіз көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.
Жоспарға сәйкес, бірінші кезекте басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру үшін осы сипаттағы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі мен Қылмыстық кодексінің нормаларын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Басқарма қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған құқықтық семинар іс-шаралары ұйымдастырылды.
Өткізілген құқықтық семинарларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандары қатысып тиісті түсіндірмелер жүргізілді.
Семинарларда мемлекеттік қызметшінің лауазымдық өкілеттіктерін өзінің жеке мүдделерін қанағаттандыруға пайдалануы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатыны барлық қызметкерлерге қатаң ескертіліп, қызмет бабында және одан тыс уақыттарда қызметтік этиканы қатаң сақтау талап етілді.
Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметкерлерге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 13-бабында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туалы» ҚР Заңының 12-бабында көзделген мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер мен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» стандарттары түсіндіріліп, қағаз тасығыштағы нұсқаларына қолдарын қойдыру арқылы таныстырылды және олар жеке істеріне тіркелді.
Бұндай түсіндіру және бақылау шаралары жұмыс барысында бөлім басшылары тарапынан да жүзеге асырылуда.
Басқарманың бақылау салалары бойынша қабылданатын шешімдердің ағымына мүдделі тұлғалардың заңсыз араласуына және олардың қызметкерлерді түрлі құқық бұзушылықтарға арандатушылық әрекеттеріне жол бермеу мақсатында, қызметкерлердің жұмыс уақытындағы жүріс-тұрыстарына бейнебақылау камералары арқылы бақылау орнатылып, ішкі қауіпсіздік күшейтілді.
Бұған қоса, қызметкерлердің жұмыс барысында әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттерге жол бермеу жағдайларына бақылау жасау үшін басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлға өкілдерінің өтініштеріне тоқсан сайын зерттеу шаралары жүргізіліп келеді.
Атқарылған шаралардың нәтижесінде есепті мерзімде Басқарма қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ және олардың Әдеп кодексінің нормаларын бұзу деректері орын алған жоқ.
Басқарма қызметінің ашықтығын, жұртшылықтың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары да жолға қойылып, Басқарманың қызметкерлерімен атқарған жұмыстары туралы жыл басынан бері ресми парақшасымен интернет конференциясы 5 рет және «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында 3 рет тікелей эфир өткізілді.
Сонымен бірге, басқарманың бақылау салалары бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралары күнделікті, ал қорытынды ақпарат ай сайын «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерінде және басқарманың «Gov kz» ресми сайтында мақалалар мен посттар жарияланды.
Халықпен кері байланыс орнату жұмыстары да жолға қойылып, өздерін толғандыратын мәселелер бойынша басқармаға келуге ниет білдірген азаматтарды жеке қабылдау шаралары тұрақты негізде ұйымдастырылып жатыр.
Есепті мерзімде сәулет-құрылыс және еңбек қатынастары мәселелері бойынша 24 тұлға жеке қабылданды, оларға заңнама нормалары түсіндіріліп, құқықтық кеңестер берілді.
Дәл осындай жеке қабылдаулар басқарма басшысымен «АМАNАТ» партиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының қоғамдық бөлімінде де ұйымдастырылып, азаматтардың сұрақтары мен өтініштерінен туындаған мәселелеріне заң аясында түсіндірмелер берілді.
Бұған қоса, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының құрылымдық бөлімінің қызметіне қатысты 10.03.2023ж. №44-нқ бұйрығы негізінде басқарманың еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің қызмет көрсетуден туындайтын нормативтік құқықтық актілеріндегі сәйкессіздіктерді анықтау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылды. Атап айтқанда:
Бірінші. сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау Басқарманың мемлекеттік қызметтер көрсету және қаржы бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты;
Екінші. сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау Басқарманың мемлекеттік қызметтер көрсету және қаржы бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметін ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты.
Талдау нәтижесімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың үш жағдайы анықталды.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бағытында анықталған тәуекелдерді реттеу мақсатында аталған нормаларға толықтырулар енгізу мүмкіндіктерін қарастыру үшін уәкілетті органдарға ұсыныстар жолданды.
27