Азаматтық бюджет 2021 жыл

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2016  жылғы 30 қарашадағы 

№629 бұйрығымен бекітілген

Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқаулығына

21-қосымша

 

                           Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

 Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың)
іске асырылуы туралы есеп

2021 қаржы жылындағы

есепті кезең

 

Индекс:  нысан:4-РББ

Білдіретін тұлғалар тобы:

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі: 724 «Облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы»

Қайда ұсынылады: Қызылорда облысының  қаржы басқармасына

Мерзімділігі: жылдық

Ұсыну мерзімі: есептi қаржы жылынан кейiнгi жылдың 1 ақпанына дейін

Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды мен атауы: 7242501  «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы»
Бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы: 001 «Жергілікті деңгейде сәулет-құрылыс бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»
Бюджеттiк бағдарламаның түрi:

мемлекеттiк басқару деңгейiне қарай: облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
мазмұнына қарай: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету
iске асыру тәсiлiне қарай: жеке

ағымдағы/даму: ағымдағы

Бюджеттік бағдарламалардың мақсаты: Облыс ауамағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асырады.

Бюджеттік бағдарламалардың сипаттамасы (негіздемесі): Жергілікті деңгейде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін мемлекеттік органның аппаратын күтіп ұстау

 

Бюджеттiк кіші бағдарлама бойынша шығыстар

Өлшем бірлігі

Жоспар

Іс жүзiнде

Ауытқуы (4-бағ. - 3-бағ.)

Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-бағ./ 3-бағ. х100)

Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері

1

2

3

4

5

6

7

 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»

мың теңге

23 688,0

23 687,8

0,2

100

Үнемделген қаражат

«Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен»

мың теңге

81 668,2

81 666,8

1,4

100

Үнемделген қаражат

Бюджеттiк кіші бағдарлама бойынша шығыстардың жиыны

мың теңге

105 356,2

105 354,6

1,6

100

Үнемделген қаражат

Бюджеттік кіші бағдарламаның коды мен атауы: 015 –Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

Бюджеттік кіші бағдарламалардың түрі:

Мазмұнына қарай: Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету

Ағымдағы /даму   ағымдағы

Бюджеттiк кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру туралы тапсырмасы шеңберінде «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелертуралы» Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 30.06.2021 жылғы №451 ҚБПҮ қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметкерлерді А, В, С функционалдық блоктарына бөле отырып Басқарманың комиссия шешімі және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің 01.09.2021 жылғы №38 келісімі негізінде мемлекеттік қызметшілердің жалақы қоры қайта есептілді.

 

Тікелей нәтиже көрсеткіші:

Өлшем бірлігі

Жоспар

Іс жүзiнде

Ауытқуы (4-бағ. -  3-бағ.)

Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-бағ./3-бағ. х100)

Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама/кіші бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері

1

2

3

4

5

6

7

Басқарма аппаратының штаттық саны, оның ішінде:

Мемлекеттік қызметшілер

 

адам

 

 

13

 

11

 

2

 

84,6

Бос жұмыс орын

 

Бюджеттiк кіші бағдарлама бойынша шығыстар

Өлшем бірлігі

Жоспар

Іс жүзiнде

Ауытқуы (4-бағ. - 3-бағ.)

Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-бағ./ 3-бағ. х100)

Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері

1

2

3

4

5

6

7

 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»

мың теңге

23 688,0

23 687,8

0,2

100

Үнемделген қаражат

Бюджеттiк кіші бағдарлама бойынша шығыстардың жиыны

мың теңге

23 688,0

23 687,8

0,2

100

Үнемделген қаражат

Бюджеттік кіші бағдарламаның коды мен атауы: 052 –Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

Бюджеттік кіші бағдарламалардың түрі:

Мазмұнына қарай: Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету

Ағымдағы /даму   ағымдағы

Бюджеттiк кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Жергілікті деңгейде сәулет-құрылыс бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін мемлекеттік органның аппаратын күтіп ұстау

 

Тікелей нәтиже көрсеткіші:

Өлшем бірлігі

Жоспар

Іс жүзiнде

Ауытқуы (4-бағ. -  3-бағ.)

Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-бағ./3-бағ. х100)

Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама/кіші бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері

1

2

3

4

5

6

7

Басқарма аппаратының штаттық саны, оның ішінде:

Мемлекеттік қызметшілер

 

адам

 

 

13

 

11

 

2

 

84,6

Бос жұмыс орын

Шарт негізінде жұмыс істейтін қызметшілердің саны

адам

 

18

14

4

77,8

Бос жұмыс орын

 

Бюджеттiк кіші бағдарлама бойынша шығыстар

Өлшем бірлігі

Жоспар

Іс жүзiнде

Ауытқуы (4-бағ. - 3-бағ.)

Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-бағ./ 3-бағ. х100)

Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері

1

2

3

4

5

6

7

 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен»

мың теңге

81 668,2

81 666,8

1,4

100

Үнемделген қаражат

Бюджеттiк кіші бағдарлама бойынша шығыстардың жиыны

мың теңге

81 668,2

81 666,8

1,4

100

Үнемделген қаражат

Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2021 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуына

түсіндірме жазба

«Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы №815 «Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес, 2015 жылдың 13 қаңтарында жаңадан құрылды. Басқарма «Әкімшілік – құқықтық жұмыстар» бөлімі, «Лицензиялау және аттестаттау» бөлімі, «Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы», «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына мониторинг жасау» бөлімдерінен тұрады. Басқарманың штаттық құрылымы 13 мемлекеттік қызметкерден және 18 штаттан тыс қызметкерді құрайды.

Сонымен қатар, жыл аяғында мемлекеттік қызметкерлер бойынша 2 бірлік және штаттан тыс қызметкер бойынша 3 бірлік бос жұмыс орны қалыптасқан.

2021 жылы Басқармаға, 001015 «Жергілікті деңгейде сәулет-құрылыс бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтердің Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» бюджеттік бағдарламаға сәйкес барлығы 23 688,0 мың теңге қаражат бөлініп, оның 23 687,8 мың теңге қаражаты игерілді. Игерілмей қалған 0,2 мың теңге үнемделген қалдық қаржы болып табылады.

2021 жылы Басқармаға, 001052 «Жергілікті деңгейде сәулет-құрылыс бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтердің Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» бюджеттік бағдарламаға сәйкес барлығы 81 668,2 мың теңге қаражат бөлініп, оның 81 666,8 мың теңге қаражаты игерілді. Игерілмей қалған 1,4 мың теңге үнемделген қалдық қаржы болып табылады.

2021 жылдың соңына, яғни, 2021 жылдың 01 қаңтардағы жағдай бойынша Басқармада кредиторлық берешек қалыптаспаған, ал байланыс қызметтіне ақы төлеу бойынша (телефон байланыс қызметі) барлығы 2,6 мың теңге (төленетін сома есепті жылдан кейін нақтыланып, алыс-беріс актісі негізінде есепті жылдан кейін белгілі болған) дебиторлық берешек қалыптасқан.

2021 жылы Басқармаға мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы 1108 хабарлама келіп түскен. Оның 560-ы заңдылық тұрғысынан тексеріліп тізілімге енгізілсе, 548 хабарлама заңнама талаптарына сәйкес ресімделмеуі себепті  кері қайтарылды.

Тізілімге енгізілгендердің 305-і (48,68%) Қызылорда қаласында, 255-і (51,32%) аудандарда орналасқан. Олардың 153-і (97-і жаңа құрылыс) бюджет қаражаты есебінен, 407-і жеке қаражатқа салынып жатқан нысандарға қатысты болды.

Нысандарда құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау күшейтіліп, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жалпы 87 жоспардан тыс тексерулер ұйымдастырылып, анықталған бұзушылықтарды  жою жөнінде 23 нұсқама берілді.

Өткен жылы құрылыс обьектілеріне бару арқылы профилактикалық сипатта жүргізілетін тексеру жоспарына 64 кәсіпкерлік субьектілері енгізілген болатын.

Бекітілген жоспарға сәйкес 63 нысан тексерумен қамтылып, анықталған бұзушылықтарбойынша 61 нұсқама беріліп, 58 нұсқаманың орындалуы қамтамасыз етілді және 3 нұсқаманы дәлелді себептерсіз орындамаған 2-і заңды тұлғаға әкімшілік жаза қолданылды («Bolashak Devolopment» ЖШС-і,«Өмірзақ» ЖШС-і).

Сонымен қатар, басқармамен сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты жалпы 136 әкімшілік іс қозғалып, кінәлі тұлғаларға 30 млн. 494 мың 321 теңге айыппұл салу жазасы қолданылды.

Салынған әкімшілік айыппұлдардың 28 млн. 901 мың 638 теңгесі, немесе 95 %-ы бюджетке нақты өндірілсе, қалған 1 млн. 592 мың 683 теңге өндірілу сатысында.

Жалпы қозғалған әкімшілік істердің 110-ы басқармамен қаралып, 27 млн. 247 мың 697 теңге айыппұл салу жазасы қолданылса, оның  26 млн. 145 мың 071 теңгесі бюджетке нақты өндірілді.

Ал, 5 әкімшілік іс бойынша 2 млн. 036 мың 066 теңге айыппұлды мәжбүрлеп өндіру үшін құжаттары сот актілерін орындаушы органдарға жолданып, оның 2-і іс бойынша 2-і тұлғадан 933 440 теңге өндірілді (техникалық қадағалау сарапшысы А. Шакиров, лауазымды тұлға А.Тасқынбаев).

Көрсетілген мерзімде басқармамен жалпы қозғалған әкімшілік істердің 26-ы қарау реттілігімен сотқа жолданып, 3 млн. 246 мың 624 теңге айыппұл салу жазасы қолданылған, оның 2 млн. 756 мың 567 теңгесі бюджетке өндірілсе, қалған 490 мың 057 теңгесі өндірілу сатысында.

Сонымен қатар, құрылыс саласындағы заңнама талаптарын өрескел бұзған техникалық қадағалау сарапшыларына аттестаттарын тоқтатуға дейінгі қатаң жаза қолдану практикасы да жүзеге асырылуда.

Нақтыласақ, мемлекет қаржысына салынып жатқан обьектілерде құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасыз орындалуына жол берген 7-і техникалық қадағалау сарапшысына әкімшілік айыппұл салумен бірге сарапшы аттестатының қолданысы 6 ай мерзімге тоқтатылды.

Есепті мерзімде Басқармамен мемлекеттік көрсетілетін 5 түрлі қызмет электронды мемлекеттік қызмет жүйесі «Е-лицензирование» порталы арқылы тұрғындарға 2184 қызмет көрсетілді. Оның 405-і сарапшылық қызметке аттестаттауға, 1779 лицензиялауға қатысты болды.

Бұған қоса, жыл көлемінде техникалық қадағалау сарапшыларынан «E-Qurylys» электронды жүйесіне 3131 айлық есебі келіп түсті.

Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» электронды жүйесі арқылы 942 обьектіні пайдалануға қабылдау актісі келіп түсіп, оның 344-і есепке алынса, 598-і заңнама талаптарына сәйкес ресімделмеуі себепті кері қайтарылды.

 Азаматтарды жеке қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау қызметінің сапасын арттыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

Өткен жылы Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан түскен 171 өтініштің 33-і қанағаттандырылса, 136-ы бойынша заңнамаларға түсіндірмелер берілді, қалған 2-і қаралуда. Өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу деректері орын алған жоқ.

Бөлінген бюджет қаржысының ай сайын толық игерілуі қамтамасыз етілуде. 2021 жылы басқарманы қаржыландыруға жалпы 105 356,2 мың теңге бөлінген. Есепті мерзімде жоспарланған қаржы толық игеріліп, 100%-ға орындалды.

Жарияланған күні

31 қаңтар 2022 11:11

Жаңарту күні

31 қаңтар 2022

Түрі