Лого

Меню

Страницы

Статья

ТЕОРИЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ: СТУДЕНТТЕР «БЖЗҚ» АҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенттері «БЖЗҚ» АҚ-ның қызметімен танысып, тәжірибеден өтті.

Қызылорда қ. 22 мамыр 2026 жыл

Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика және құқық» факультеті, «Қаржы» және «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша 1-курс студенттеріне «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалында оқу-тәжірибелік жұмыстар өткізілді.

Шараның басты мақсаты — болашақ экономистер мен қаржыгерлердің теориялық білімін өндірістік тәжірибемен ұштастыру және еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстыру.

Филиал директоры Арнұр Дәденұлы Құрманғали университеттің кафедра меңгерушісі Айгүл Әкімжанқызы Мәкенова бастаған бір топ студентті Қордың негізгі қызметі, қаржы нарығындағы рөлі және цифрлық жобалары туралы хабардар етті.

Оқу-тәжірибелік сабақ барысында студенттер келесі бағыттармен танысты:

  • Есеп және аудит: Зейнетақы активтерінің есебі мен ішкі бақылау жүйесі.
  • Қаржылық сауаттылық: Зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және инвестициялық кіріс құрылымы.
  • Мемлекеттік қызметтер: Салымшыларға көрсетілетін қызмет түрлері мен БЖЗҚ мобильді қосымшасының жұмысы.

 

Филиал мамандары студенттерге арнайы экскурсия ұйымдастырып, бөлімдердің күнделікті жұмыс барысын көрсетті. Тәжірибе соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, алған әсерлерімен бөлісті. Мұндай іс-шаралар жоғары оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы тығыз байланысты арттырып, студенттердің кәсіби біліктілігін шыңдауға зор септігін тигізеді.

Дата публикации
08 июня 2026
Дата обновления
08 июня 2026
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Кандидат в акимы сельского округа Акжарма Баймаханов Бердибек Жомартович
23 октября 2026
Кандидат в акимы сельского округа Акжарма Ибраев Мухтар Айшыкович
23 октября 2026
Кандидат в акимы сельского округа Акжарма Шалбол Оркен Санатулы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы