Сарыбұлақ ауылдық округінде қоғамдық тыңдау өткізіледі
Көру саны:12
Құрметті: Сарбұлақ ауылдық округінің тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы 118-02/45 бұйрығымен бекітілген «Орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру» қағидасының 7 тармағына сәйкес «Қазалы ауданының жер қатынастары бөлімі» КММ-сі Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарбұлақ ауылдық округі, Сарбұлақ елді мекенін кеңейту үшін, 96,0 гектар жерді, тұрақты пайдалануға беру жөнінде қоғамдық тыңдау 2021 жылдың 02 шілде күні сағат 15:00-де Сарбұлақ ауылдық округі, Сарбұлақ елді мекені, Сарбұлақ көшесі №61 мекен-жайда орналасқан "Сарұлақ ауылдық клубы" МКК-да өтетінін хабарлаймыз. Хабарласу телефоны 8(72438) 37-5-81.
Сонымен қатар, қоғамдық тыңдауға ауыл ақсақалдары мен қоғамдық ұйым өкілдері, ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер, Қазалы орман мекемесінің мамандары шақыртылатынын назарға саламын.
Ескертулер мен ұсыныстарды мына электрондық почтаға жіберіңіз: Sarbulak_2017@mail.ru немесе 872438 37-5-81 телефон нөмірінен ақпарат алуға болады.
07 маусым 2021
07 маусым 2021