Қазалы ауданының Бірлік, Көларық және Қызылқұм ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Қазалы ауданының Бірлік, Көларық және Қызылқұм ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1)-тармағына және 113-1-бабының   1-тармағының 1)-тармақшасының негізінде Қазалы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазалы ауданының Бірлік, Көларық және Қызылқұм ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2023 жылғы 03 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. Қазалы ауданының Бірлік, Көларық және Қызылқұм ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Қазалы аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын. 

Қазалы аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                         Н.Аманбай

 Қазалы аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                         М. Әбубәкір

 №АСК-189/311

26 шілде 2023 жыл

Жарияланған күні

26 шілде 2023 17:17

Жаңарту күні

26 шілде 2023