Негізгі капиталға тартылған инвестиция

НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ

(қаңтар-тамыз 2026 ж)

«Негізгі капиталға тартылған инвестициялар» көрсеткіші бойынша 2026 жылға бекітілген индикатор 789,2 млрд теңгені құрайды.
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында өңірге 496,8 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1%-ға өсті
(2025 жылғы 8 ай – 408,2 млрд теңге). Нәтижесінде бекітілген индикатордың орындалуы 63%-ды құрады.
Көрсеткіштің өсіміне ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібіне, сауда, көлік және жинақтау, ақпарат және байланыс, жеке құрылыс, денсаулық және басқа салаларға тартылған инвестиция есебінен қол жеткізілді.
Есепті кезеңде жеке инвестициялар көлемі 408,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға артты (2025 жылғы
8 ай – 285,3 млрд теңге). Жеке инвестициялардың жалпы инвестициялар көлеміндегі үлесі 82%-ды құрады.


НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ

(қаңтар-желтоқсан 2025 ж)

2025 жылға бекітілген индикатор – 631,4 млрд теңгені құрады.

2025 жылдың 12 айында өңірге 774,5 млрд.теңге инвестиция тартылып, көрсеткіштің өсімі 10,6%-ды құрады (12 ай 2024 ж. – 673,7 млрд. теңге). Индикатор 122,6% немесе 143,1 млрд. теңгеге артық орындалды. Облыс жоспардың орындалуы бойынша өңірлер арасында І орында.

Өсім өнеркәсіп, көлік және жинақтау, жылжымайтын мүлікпен операциялар құрылыс, денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету, ақпарат және байланыс салаларына тартылған инвестиция көлемі есебінен қамтамасыз етілді.

Есепті кезеңде жеке инвестиция көлемі 558,6 млрд. теңгені құрап, көрсеткіштің өсімі 14,9 пайызды құрады (12 ай 2024 ж. – 467,9 млрд теңге). Жалпы инвестиция көлемінде үлесі 72,1% құрады.

2026 жылға бекітілген индикатор – 789,2 млрд теңге.


Негізгі капиталға салынған инвестиция туралы

(қаңтар-қыркүйек 2025 ж)

2025 жылдың 9 айында өңірге 485 млрд.теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштің өсімі 5,9%-ды құрады (11 ай 2023 ж. – 440,4 млрд. теңге). Оның ішінде, жеке қаражат көлемі 339,5 млрд.теңгені құрап, жалпы инвестиция көлеміндегі үлесі 70% құрады.

Өсім өнеркәсіп, көлік және жинақтау, жылжымайтын мүлікпен операциялар құрылыс, денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету, ақпарат және байланыс салаларына тартылған инвестиция көлемі есебінен қамтамасыз етілді.


Негізгі капиталға салынған инвестиция туралы

(қаңтар-шілде 2025 ж)

Ү.ж. 6 айының қорытындысымен өңірге 295,1 млрд.теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштің өсімі 21,5%-ды құрады (6 ай 2024 ж. – 233,8 млрд. теңге).

Өсім өнеркәсіп, көлік және жинақтау, жылжымайтын мүлікпен операциялар құрылыс, денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету, ақпарат және байланыс салаларына тартылған инвестиция көлемі есебінен қамтамасыз етілді.


Негізгі капиталға салынған инвестиция туралы

(қаңтар-наурыз 2025 ж)

Ү.ж. 3 айының қорытындысымен өңірге 122,7 млрд.теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштің өсімі 8,5%-ды құрады (3 ай 2024 ж. – 109,8 млрд. теңге).

Өсім өнеркәсіп, көлік және жинақтау, жылжымайтын мүлікпен операциялар құрылыс, денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету, ақпарат және байланыс салаларына тартылған инвестиция көлемі есебінен қамтамасыз етілді.


Негізгі капиталға салынған инвестиция туралы

(қаңтар-қараша 2024 ж)

Ү.ж. 11 айының қорытындысымен өңірге 559,3 млрд.теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштің өсімі 20,5%-ды құрады (11 ай 2023 ж. – 431,6 млрд. теңге).

Оның ішінде, жеке қаражат көлемі 402,0 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,8% өсті
(11 ай 2023 ж. – 206,9 млрд. теңге). Жалпы инвестиция көлемінде үлесі 71,8% құрайды.

Өсім өнеркәсіп, көлік және жинақтау, жылжымайтын мүлікпен операциялар құрылыс, денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету, ақпарат және байланыс салаларына тартылған инвестиция көлемі есебінен қамтамасыз етілді.


Негізгі капиталға салынған инвестиция туралы

(қаңтар-қыркүйек 2024 ж)

Ү.ж. 9 айының қорытындысымен өңірге 423,9 млрд.теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштің өсімі 25,1%-ды құрады (9 ай 2023 ж. – 332,2 млрд. теңге).

Оның ішінде, жеке қаражат көлемі 315,6 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26,8% өсті (9 ай 2023 ж. – 193,6 млрд. теңге). Жалпы инвестиция көлемінде үлесі 74,4% құрайды.

Өсім өнеркәсіп, көлік және жинақтау, жылжымайтын мүлікпен операциялар құрылыс, денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету, ақпарат және байланыс салаларына тартылған инвестиция көлемі есебінен қамтамасыз етілді.


Негізгі капиталға салынған инвестиция туралы

(қаңтар-наурыз 2024 ж)

2024 жылға бекітілген индикатор – 517,5 млрд теңгені құрады.

2024 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша өңірге 77,5 млрд. теңге тартылды, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64,4%  құрады (2023 ж. - 45,9 млрд. теңге).

Сонымен қатар, 2023 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың бекітілген көрсеткіші 275,9 млн.АҚШ долл., жоспар бойынша - 273 млн.АҚШ ДОЛЛАРЫ (НКИ – 101%). 2024 жылға жоспар - 276 млн.АҚШ.

 


Негізгі капиталға салынған инвестиция туралы

 

2023 жылға бекітілген индикатор –424,2 млрд теңгені құрады.

Премьер-Министрдің индикаторлардың өсімі 10%-ды құрауы қажет деген тапсырмасын орындау мақсатында, қала және аудан әкімдіктеріне 472 млрд.теңге индикаторы бекітілді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша өңірге 486,4 млрд.теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 14,2%-ды құрады (2022 ж. – 413,2млрд. теңге).

Сонымен қатар, 2023 жылға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту индикаторы 273 млн. АҚШ доллар көлемінде бекітіліп отыр.

Жоспарды мұнай-уран компаниялары мен инвестициялық жобалар есебінен тартылған инвестиция есебінен 24%-ға артығымен орындау көзделуде (бекітілген – 273 млн. АҚШ долл., жоспарлануда – 338,6 млн. АҚШ долл.).Қаңтар-қыркүйек айларыныңқорытындысы бойынша өңірге
146,8 млн. АҚШ доллар шетелдік инвестиция тартылды.

 

Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы туралы

 

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулында облыс бойынша 2023 жыл қорытындысымен құны 1 трлн. теңгеден асатын52 жобақамтылды.

2023 жылдың басында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А. Смайыловпен Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы аясында 2023 жылы іске қосылатын жобалар тізімі бекітілді. Аталған тізімге облыстанқұны 13,4 млрд.теңгені құрайтын 9 жоба енгізілді.

Жыл көлемінде өзектендіру жұмыстары жүргізіліп, Қытай және Түркия елдерінен қажетті жабдықтардың кейбірінің мерзімінен кешігуіне байланысты құны 3,2 млрд. теңгені құрайтын 2 жобаның іске қосылу мерзімі 2024 жылға шегерілді:

1.«ADK GROUP QAZAQSTAN» серіктестігінің «Жоғары сапалы құрылыс әк өндірісі» жобасы бойынша Қытай Халық Республикасынан өндіріске қажетті жабдықтар кешіктірілуде (құны – 2 млрд. теңге, жұмыс орны – 120 адам);

  1. «Aray Food» серіктестігінің «Қызылорда қаласында 4 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасын салу» жобасы Түркия елінен қажетті жабдықтартолық жеткізілмеді (құны – 1,2 млрд. теңге, жұмыс орны – 50 адам);

Аталған жобаларды ауыстыру үшін құны 4,8 млрд. теңгені құрайтын қосымша 7 жаңа жоба тізімге енгізілді. Нәтижесінде,
2023 жылы іске қосылатын жобалар саны 9-дан 15-ке ұлғайды, ал жобалардың құны 13,4 млрд. теңгеден 14,8 млрд.-қа артты.

2023 жылы 15 жобаның барлығы мерзімінде іске қосылды:

  1. Қызылорда қаласындағы «Асыл дән ЛТД» ЖШС «Күріш өңдеу цехы» (құны - 0,9 млрд.теңге, жұмыс орны – 20 адам);
  2. Қызылорда қаласындағы «Шыңғыс құрылыс компаниясы» ЖШС «Анаға тағзым» орталығы (құны - 1,5 млрд.теңге, жұмыс орны – 20 адам);
  3. Қызылорда қаласындағы ДК «Жүзкенов Билал» «Orda School» жеке мектебі (құны - 1,0 млрд.теңге, жұмыс орны - 50);
  4. Қызылорда қаласындағы ЖК «Байұзақ» «Байұзақ сауда үйі» (құны –
    1 млрд.теңге, жұмыс орны – 30 адам);
  5. Қызылорда қаласындағы «Абай дәулет» ЖШС «Kaz Fries» мұздатылған картоптар фри өндірісі зауыты» жобасы (құны – 600 млн.теңге, жұмыс орны –
    18 адам).
  6. Арал ауданындағы ДК «Байболатов Ергали» «Арал индустриалды техникалық колледжінің жатақхана және асхана құрылысы» (құны – 500 млн.теңге, жұмыс орны – 5 адам);
  7. Қармақшы ауданындағы «Қармақшы құс» ЖШС «Қуаттылығы жылына
    1,5 мың тонна құс еті бар құс фабрикасы» (құны - 3,0 млрд.теңге, жұмыс орны – 160 адам);
  8. Жалағаш ауданындағы «AB-AGRO» ЖШС «Күріш өңдеу және жем өндіру» зауыты (құны – 500 млн.теңге, жұмыс орны – 5 адам);
  9. Жалағаш ауданындағы «Бақдәулет-57» ШҚ «100 басқа шаққандағы тауарлық сүт өндіру фермасы» жобасы (құны – 530 млн.теңге, жұмыс орны - 10);
  10. Шиелі ауданындағы «Шиелі Доломит» ЖШС «Қуаттылығы жылына
    1,3 млн. тонна қиыршық тас зауытының құрылысы» (құны – 2 млрд.теңге, жұмыс орны – 120 адам);
  11. Шиелі ауданындағы «Ziyatker school» ЖШС «350 орынға арналған мектеп» (құны – 642 млн.теңге, жұмыс орны - 60);
  12. Жаңақорған ауданындағы «Жан-Арай» ЖШС «Сыйымдылығы 100 орындық шипажай» құрылысы (құны – 1,2 млрд.теңге, жұмыс орны – 18 адам);
  13. Жаңақорған ауданындағы «Qaratau fruits» ШҚ «35 га қарқынды алма бағы» (құны –820 млн.теңге, жұмыс орны – 20 адам);
  14. Жаңақорған ауданындағы «Engineering & Construction Company» ЖШС «Мешіт» құрылысы (құны – 800 млн.теңге, жұмыс орны – 10 адам);
  15. Жаңақорған ауданындағы «Zangar интеллектуальная школа» ЖШС «Жеке мектеп» (құны – 500 млн.теңге, жұмыс орны – 30 адам).

Негізгі капиталға тартылған инвестиция

2023 жылға инвестиция көрсеткіші 424,2 млрд. теңге көлемінде бекітілді.
Ү.ж. 8 айында 258,8 млрд.теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 27%-ды құрады.

Атап өту қажет, инвестиция көрсеткішінің өсу қарқыны мен жоспарлы көрсеткішті орындау бойынша өңірлер арасында облыс 3 орынды иеленді.

Қызылорда қаласы мен аудандар бойынша көрсеткіштің өсімі қалыптасқан.

Қызылорда қаласы – 134,4 млрд. теңге, өсім – 18,7%;
Жаңақорған ауданы – 26,5 млрд. теңге, өсім – 48,6%;
Сырдария ауданы – 34,8 млрд. теңге, өсім – 51,6%;
Шиелі аудан – 24,2 млрд. теңге, өсім – 93,6 %;
Қазалы ауданы – 9,9 млрд. теңге, өсім – 8,6%;
Арал ауданы – 10,6 млрд. теңге, өсім – 67,7%;
Қармақшы ауданы – 8,1 млрд. теңге, өсім – 34,1%;
Жалағаш ауданы – 10,1 млрд. теңге, өсім – 99,9%.


Негізгі капиталға тартылған инвестиция

Қызылорда облысына 2022 жылға бекітілген индикатор –
373,5 млрд теңгені құрады. Атқарылған жұмыс нәтижесінде инвестиция көлемін 409,5 млрд.-қа жеткізіп, көрсеткіштің өсімі 26,8%-ды құрады. Бекітілген индикатор 9,6%-ға артығымен орындалды.

Анықтама:

Өнеркәсіп саласына 165,3 млрд. теңге, жеке құрылыстар есебінен 84,4 млрд., көлік саласына 72,6 млрд., сауда саласына 20 млрд., білім саласына 15,7 млрд., ауыл шаруашылығы 9,9 млрд., денсаулық сақтау 7 млрд. және басқа салаларға 34,6 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Атап өту қажет, инвестиция көрсеткішінің өсу қарқыны мен жоспарлы көрсеткішті орындау бойынша өңірлер арасында облыс 1 орынды иеленді.

Сондай-ақ, ү.ж. қаңтар-наурыз айында 80,3 млрд.теңге инвестиция тартылып, көрсеткіш 52,2 %-ға артық орындалды.

Жарияланған күні

07 шілде 2022

Жаңарту күні

08 қазан 2026

Қызмет бағыты