
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және олармен жұмыс істеу бойынша мемлекеттік органдардың бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне Қармақшы ауданы бойынша кент, ауылдық округі әкімі аппараттарында, бөлімдерде жауапты тұлғалар белгіленіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда аудан әкімдігіне қарасты 140 мемлекеттік қызметкерге логин парольдары ашылып, тесттік режимде жұмыс жасау мүмкіндіктері тексерілді. Сондай-ақ Қармақшы аудандық жұмыспен қамту орталығы мен Байқоңыр қалалық жұмыспен қамту оралықтары қызметкерлеріне логин парольдары ашылып берілген. «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау үшін кент, ауылдық округі әкімі аппараттары мен бөлімдерде интернет желісі мен бірыңғай көліктік орта (ЕТС) байланыс арналарына қосылған.
Бүгінгі таңға облыс әкімі аппаратының, ақпараттық технологиялар орталығы (ЦИТ), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мамандарымен «Е-Өтініш» ақапараттық жүйесіне тесттік өтініштерді енгізу арқылы тексеру жұмыстары күнделікті бірлесе жүргізілуде.
ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалымен 2021 жылдың 05-06 мен 12-13 мамыр аралығында мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметкерлеріне «онлайн» форматында Қазақстан Республикасы Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) нормаларын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту өткізілді.