Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №357 «2026-2028 жылдарға арналған Ақай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №357 «2026-2028 жылдарға арналған Ақай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Ақай ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 193 875,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 48 624 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 144 251,7 мың теңге;
2) шығындар – 199 306,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -5 430,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 5 430,8 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 5 430,8 мың теңге»;
жаңа мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:
«7-1. 2025 жылы аудандық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 0,3 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
7
16 ақпан 2026 10:41
16 ақпан 2026