Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Ақжар ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 435 878,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 6 235 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 158 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 287 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 429 198,6 мың теңге;
2) шығындар – 436 079,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -200,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 200,9 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 200,9 мың теңге»;
жаңа мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:
«5-1. 2024 жылы аудандық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 0,8 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін»;
көрсетілген шешімнің 1, 5, 6-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.