Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округі әкіміне кандидаттар Бектурганов Нурсултан Жумадилдаевичті, Сәден Берік Әбдірахманұлын, Тұрғанов Батыржан Қожабайұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округі әкіміне кандидаттар Бектурганов Нурсултан Жумадилдаевичті, Сәден Берік Әбдірахманұлын, Тұрғанов Батыржан Қожабайұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4-бабына, 113-5-бабының 6-тармағының 2) - тармақшасына сәйкес және Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы мен ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің көші-қон қызметі бөлімшесінің 2025 жылғы 8 мамырдағы актілерін негізге алып, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылдың 1 маусымына тағайындалған Қармақшы ауданының Ақай ауылдық округі әкімінің сайлауында Ақай ауылдық округі әкіміне кандидаттар Бектурганов Нурсултан Жумадилдаевич, Сәден Берік Әбдірахманұлы, Тұрғанов Батыржан Қожабайұлы сайлаушылардың жалпы санының 1 (бір) пайызының қолдауына ие болды деп танылсын.
  2. Ақай ауылдық округі әкіміне кандидаттар Бектурганов Нурсултан Жумадилдаевичті, Сәден Берік Әбдірахманұлын, Тұрғанов Батыржан Қожабайұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 8 наурыздағы хаттамаларына сәйкес кандидатты тіркеу үшін негізге алынсын.
  3. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 

Қармақшы аудандық  сайлау

  комиссиясының төрағасы                                        Д.Ержанов

 

Қармақшы аудандық  сайлау

    комиссиясының хатшысы                                       Г.Жубаидаев

 

 

 

Жосалы кенті

8 мамыр 2025 жыл

№АСК-25/215

Жарияланған күні

08 мамыр 2025 18:38

Жаңарту күні

26 мамыр 2025