Қармақшы ауданының Ақай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және 113–1-бабы 1–тармағының 1) тармақшасы негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 1 маусымға тағайындалсын.
  2. Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы аудандық «Бәйтерек» газетіне жариялансын және Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                       Д. Ержанов

    

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                       Г. Жубаидаев

                              

 

Жосалы кенті

23 сәуір 2025 жыл

№АСК-25/201

Жарияланған күні

23 сәуір 2025 10:21

Жаңарту күні

23 сәуір 2025