2025 жылдың 13 сәуіріне тағайындалған Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы хабар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 – бабының 9-тармағына сәйкес Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды.

Жаңажол ауылдық округі әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды. Ағымдағы жылдың 23 наурызы күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді. Оның ішінде өзін өзі ұсыну жолымен 2 кандидат, «AMANAT» партиясынан 1 кандидат.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды.

Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына тіркелген кандидаттардың құжаттары жолданды.

Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссиясына өтініштер түскен жоқ.

                                             

КАНДИДАТ БОЛЫП ТІРКЕЛДІ:

 

  1. Күзембаев Спартак Қожантайұлы – 1980 жылы туған, ұлты қазақ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы. Жосалы кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

 

  1. Қалжанов Асылбек Амангелдіұлы – 1981 жылы туған, ұлты қазақ. Қармақшы аудандық ветеринариялық станциясының ветеринариялық дәрігері. Жосалы кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

        

  1. Қоқанов Әбимүсілім Алпуанұлы – 1966 жылы туған, ұлты қазақ. Жаңажол ауылдық округінің әкімі. Жаңажол ауылдық округі Дүр Оңғар ауылында тұрады. «AMANAT» партиясынан ұсынған.
Жарияланған күні

23 наурыз 2025 18:23

Жаңарту күні

26 наурыз 2025