2025 жылдың 2 наурызына тағайындалған Дауылкөл ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 – бабының 9-тармағына сәйкес Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды.
Дауылкөл ауылдық округі әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды. Ағымдағы жылдың 9 ақпан күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді. Кандидаттардың барлығы өзін-өзі ұсынғандар.
Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды.
Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына тіркелген кандидаттардың құжаттары жолданды.
Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссиясына өтініштер түскен жоқ.
КАНДИДАТ БОЛЫП ТІРКЕЛДІ:
- Алмағанбетов Бақтияр Аманкелдіұлы – 1981 жылы туған, ұлты қазақ. «Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Тұрмағамбет ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
- Зайыров Сабырхан Дүйсенбайұлы – 1993 жылы туған, ұлты қазақ. «Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі. Жосалы кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
- Сүлейменов Ринат Таңатарұлы – 1984 жылы туған, ұлты қазақ. «Қармақшы аудандық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК директорының орынбасары. Жосалы кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
39
09 ақпан 2025 17:09
09 ақпан 2025