«Сайлау учаскелерін құру туралы» Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 52 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қармақшы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Сайлау учаскелерін құру туралы» Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 52 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 03 наурызда № 4894 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарияланған күні

13 желтоқсан 2024 11:27

Жаңарту күні

13 желтоқсан 2024

Түрі