Қармақшы аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына 2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен сайлаудың қорытындыларын анықтау және тіркеу туралы
Қармақшы аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына 2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен сайлаудың қорытындыларын анықтау және тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9, 14, 44, 45, 46, 111, 112-баптарына сәйкес және 2024 жылғы 8 желтоқсанда өткізілген Қармақшы аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлаудың қорытындылары негізінде Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- №1, №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қармақшы аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті деп танылсын.2. №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Асылов Марат Мұханғалиұлы Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты болып тіркелсін.
- №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Айдарбек Қуаныш Нұржанұлы Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты болып тіркелсін.
- Тіркелген депутаттарға депутат куәлігі және төсбелгі табыс етілсін.
- Қармақшы аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына 2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында және осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.
Қармақшы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
Д. Ержанов
Қармақшы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы
Г. Жубаидаев
Жосалы кенті
10 желтоқсан 2024 жыл
№АСК-24/146
9
Жарияланған күні
10 желтоқсан 2024 16:58
Жаңарту күні
10 желтоқсан 2024
Түрі
Бағыттар