Бюджеттің атқарылуы бойынша орындалған жұмыстар (2024 жылғы IІІ тоқсанның қорытындысы бойынша)
1. Аудан бойынша (кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен қоса) 2024 жылдың 1 қазанына түсімдер болжамы 9864538,1 мың теңге орнына 10118736,3 мың теңгеге атқарылып, 102,6 % құрады.
Есепті кезеңге аудан бюджетінің өз кірістерінің жоспары 2064968,5 мың теңге болса, нақты атқарылуы 2356393,0 мың теңге, яғни 114,1 % құрап, 291424,5 мың теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсті.
Есепті кезеңге аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 1880462,9 мың теңге 2149640,2 мың теңгеге, немесе 114,3 % орындалып, 269177,3 мың теңге артық түсті;
Салықтық емес түсімдері жоспары 154518,2 мың теңге 171814,7 мың теңгеге, немесе 111,2 пайызға орындалып, 17296,5 мың теңге жоспардан артық түсті.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 29987,4 мың теңге 34938,1 мың теңгеге, яғни 116,5 % орындалып 4950,7 мың теңге жоспардан артық түсті.
Аудан бойынша 2024 жылдың 1 қазанына жалпы шығындар жоспары 11 016 516,1 мың теңге 11 013 979,6 мың теңгеге (100,0%) атқарылып, 2536,5 мың теңге қаржының үнемделуінен игерілмеді.
Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің жоспары 1704068,3 мың теңге болса, игерілуі 1703931,4 мың теңге, 100,0 % құрады, 136,9 мың теңге қаржының үнемделуінен игерілмеді .
Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттердің жоспары 3365767,6 мың теңге болса, игерілуі 3365627,7 мың теңге, 100,0 % құрады, 139,7 мың теңге қаржының үнемделуінен игерілмеді .
Жергілікті бюджет қаржысы 2259,9 мың теңге, оның ішінде Жосалы кенті әкімінің аппаратынан «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасынан 1600,6 мың теңге жабдықтаушының банкілік есеп-шоты жабық болуынан және 659,3 мың теңге қаржының үнемделуінен игерілмеді.
2024 жылдың 1 қыркүйегіне аудан бюджеті шығындары жоспарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша атқарылуы төмендегідей қалыптасты:
–Аудандық мәслихат аппараты – 100,0 %;
- Аудан әкімі аппараты – 100,0%;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі –100,0 %;
- Экономика және қаржы бөлімі – 100,0 %;
- Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі – 100,0 %;
- Ауыл шаруашылығы бөлімі және жер қатынастары бөлімі – 100,0 %;
- Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі –100,0 %;
- Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және
АХАТ бөлімі –100,0 %;
- Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі- 100,0%;
- Дене тәрбиесі және туризм бөлімі –99,9%;
- Қоғамдық даму бөлімі – 100,0 %;
- Жосалы кенті әкімінің аппараты –99,8 %;
- Төретам кенті әкімінің аппараты – 99,9%;
- Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;
- Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
- ІІІ-Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;
- Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;
- Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;
- Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0 %;
- Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
- Жосалы ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
- Қуаңдария ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0 %;
- Көмекбаев ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,%;
- Қармақшы ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0 %;
- Алдашбай Ахун ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
4