2024 жылғы 15 қыркүйекте өткен Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы бойынша енгізілген жарналарды қайтару және жергілікті бюджеттің кірісіне айналдыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113 – 5 бабының 2 – тармағына сәйкес және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 15 қыркүйектегі Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысын анықтау және жариялау туралы хаттамасының негізінде Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысы бойынша әкім болып сайланған кандидаттарға және дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаған кандидаттарға осы қаулының қосымшасына сәйкес сайлау жарнасы қайтарылсын.
- Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімі сайлауына кандидат Байғараев Руслан Кәрібайұлы мен Балтабай Нұрлыбек Балтабайұлының дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызынан кем дауыс жинауына байланысты енгізген сайлау жарнасы жергілікті бюджет кірісіне айналдырылсын.
- Осы қаулының орындалуы Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының сарапшысы М.Бисеноваға және келісім бойынша Қармақшы ауданы әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп және есептілік жөніндегі бас маманына (Ә.Қуанышов) жүктелсін.
- Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.
Қармақшы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Д. Ержанов
Қармақшы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Г. Жубаидаев
Жосалы кенті
19 қыркүйек 2024 жыл
№АСК-24/127
Қармақшы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының
2024 жылғы 19 қыркүйектегі
№АСК-24/127 қаулысына қосымша
Сайлау жарнасы қайтарылатын Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы бойынша әкім болып сайланған және дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаған кандидаттардың тізімі
|
Учаске нөмірі |
Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты |
Дауыс % |
|
№112 сайлау учаскесі |
Байғабылов Төрехан Тілеубайұлы |
36,42% |
|
Нысанбаев Ғарышбек Бауыржанұлы |
62,58% |
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
16
19 қыркүйек 2024 11:57
19 қыркүйек 2024