Қармақшы ауданы Қуандария ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

2024 жылғы 9 шілде күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Қармақшы ауданы, Қуандария ауылдық округі әкіміне өзін өзі ұсыну жолымен барлығы 3 кандидат ұсынылды.

Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу          2024 жылғы 14 шілде күнгі сағат 18-00 де аяқталады.

Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.

 

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Жарияланған күні

09 шілде 2024 12:52

Жаңарту күні

09 шілде 2024