Қармақшы ауданының Қуандария ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы
Қармақшы ауданының Қуандария ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабының негіздеріне Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қармақшы ауданының Қуандария ауылдық округінің шекарасында Қуандария ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі құрылсын.
- Қармақшы ауданының Қуандария ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округінің шекарасы және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп, Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне және жергілікті бұқаралық ақпарат құралына жариялансын.
Қармақшы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Д. Ержанов
Қармақшы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Г. Жубаидаев
25
Жарияланған күні
26 маусым 2024 09:47
Жаңарту күні
26 маусым 2024
Түрі
Бағыттар