№108 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары және мүшесінің міндеттерін орындауын тоқтата тұру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 20-бабы 12) тармағының екінші бөлігіне сәйкес, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 25 сәуірдегі Ақжар ауылдық округінің әкімі сайлауында Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызы кандидат ретінде тіркеу туралы қауылысына және №108 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Р.Кенжеғұлованың, төраға орынбасары Е.А.Газетбековтың және мүшесі Г.Г.Утешованың өтініштерін негізге алып, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кенжеғұлова Роза №108 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы міндеттерін орындауын 2024 жылғы 19 мамырға тағайындалған Ақжар ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіне тоқтата тұрсын.
Газетбеков Еркін Арапбекұлы №108 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары міндеттерін орындауын 2024 жылғы 19 мамырға тағайындалған Ақжар ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіне тоқтата тұрсын.
Утешова Гулдана Гибатуллаевна №108 учаскелік сайлау комиссиясы мүшесі міндеттерін орындауын 2024 жылғы 19 мамырға тағайындалған Ақжар ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіне тоқтата тұрсын.
4. Осы қаулы №108 учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын және Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.
7
07 мамыр 2024 21:49
07 мамыр 2024