ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі Н.І.Сайымовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының Заңының 36 – бабы 5 – тармағының 6) тармақшасы мен 6 – тармағын басшылыққа ала отырып, Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Ізбасарұлы Сайымовтың өтініш беруіне байланысты, 2024 жылдың 08 сәуірінен бастап өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
  2. ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі Н.І.Сайымовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Қармақшы ауданының әкіміне ұсыныс енгізілсін.

 

Негізі: Н.І.Сайымовтың 08.04.2024 ж. өтініші.

  

                Қармақшы ауданының аумақтық

                сайлау комиссиясының төрағасы                                    Д. Ержанов

 

               Қармақшы ауданының аумақтық

              сайлау комиссиясының хатшысы                              Г. Жубаидаев

 

Жосалы кенті

№АСК-24/36

08 сәуір 2024 жыл.

Жарияланған күні

08 сәуір 2024 17:15

Жаңарту күні

08 сәуір 2024

Түрі
Бағыттар