2024 жылғы 25 ақпанға тағайындалған Қармақшы ауылдық округінің әкімін сайлауда әкім болуға кандидат Нұрсұлтан Құдайбергенұлы Шәкеновті тіркеудің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-6-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 19 қыркүйектегі №16/209 қаулысымен бекітілген Кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу қағидаларына сәйкес, Қармақшы ауылдық округінің әкімі болуға кандидат Н.Қ.Шәкеновтің 2024 жылғы 22 ақпандағы өтініші және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 22 ақпандағы №44 хаттамалық шешімі негізінде Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2024 жылғы 25 ақпанға тағайындалған Қармақшы ауылдық округінің әкімін сайлауда Қармақшы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 03 ақпандағы №30 хаттамалық шешімімен Қармақшы ауылдық округінің әкіміне кандидат болып тіркелген Нұрсұлтан Құдайбергенұлы Шәкеновті тіркеудің күші жойылсын.
- Қармақшы ауданының №101, №102 учаскелік сайлау комиссиясының төрағалары (Д.Бекмақанова, С.Әбікенова) Қармақшы ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетендеріне кандидаттың тегі, атын және әкесінің атын және олардың оң жағында орналасқан шаршыны сызып тастау арқылы тиісті өзгерістер енгізсін және өзгерістер енгізуді дауыс беру күнінен кешіктірмей жүзеге асырсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Г.А.Жубаидаевқа жүктелсін.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес кандидатты тіркеудің күшін жою туралы хабар Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
- Осы қаулы Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясына, Қармақшы ауданының №101, №102 сайлау учаскелерінің учаскелік сайлау комиссияларына жіберілсін және Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
29
22 ақпан 2024 18:41
22 ақпан 2024