2024 жылғы 25 ақпанға тағайындалған Қармақшы ауданының Жосалы, Иіркөл, Қармақшы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

1. Аумақтық сайлау округтерінің құрылуы туралы қаулы қабылдау

 

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

2024 жылғы 17 қаңтар

(14-б. 6-т, 21-б. 4-т)

2. Қармақшы ауданының Жосалы, Иіркөл, Қармақшы ауылдық округтері әкімдерінің (бұдан әрі – әкімдер) сайлауын тағайындау

 

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

2024 жылғы 17 қаңтар

(113-1-б. 2, 3-т)

 

3. Сайлау округі туралы ақпаратты тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында оның шекараларын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып жариялау

 

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 27 қаңтардан кешіктірмей

(22-б. 2-т.)

 

4. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 27 қаңтардан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

5. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссияларының құрамын жариялау 

 

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2024 жылғы 01 ақпанынан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

6. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қармақшы ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн ішінде

2024 жылғы 01 ақпанынан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 

7. Әкімге кандидаттар ұсыну

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін кемінде 25 күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады

2024 жылдың 18 қаңтарында басталып, 2024 жылдың 30 қаңтарында сағат 18.00-де аяқталады

(113-3-б. 5-т)

 

 

 

8. Әкімге кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

(4-б. 2-т), 113-5-б. 11-т)

 

9. Әкімге кандидаттардың сенім білдірілген тұлғаларын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімге кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі белгіленген күннен бастап

 (14-б. 8-1-т), 31-б.)

 

10. Әкімге кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен қолдау үшін қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімде

(113-4-б.)

 

11. Әкімге кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттамаларды ресімдеу

 

Паспорттық қызмет қызметкерлерін тарта отырып аудандық сайлау комиссиялары

Тиісті сайлау комиссияларына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардан қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде

(113-4-б. 8-9-т.)

 

12. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және ұсынылған әрбір кандидат үшін тиісті жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу

 

Әкімдерге кандидаттар, саяси партиялар (ұсынылған әрбір кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

13. Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну

 

Кандидат және оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

14. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

 

15. Әкімге кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау өтетін күннен жиырма күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады

 

18.01.2024 жылы басталып, 04.02.2024 жылы жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б.)

 

16. Әкімге кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейінгі бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

 

18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады

04.02.2024 жылғы жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 24.02.2024 жылғы жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

19. Әкімге кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

  Жергiлiктi атқарушы органдар және Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

 

20. Учаскелік сайлау комиссиясына әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылар тізімін акт бойынша ұсыну                                                   

 

Қармақшы ауданының әкімі

Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын

 (24-б. 5-т.)

 

21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерімен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

 (26-б. 1-т.)

 

22. Дауыс беру күні, уақыты және орны туралы сайлаушыларды хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей

(18-б. 5-т), 38-б. 2-т.)

 

23. Учаскелік сайлау комиссияларына дауыс беру үшін сайлау бюллетеньдерін жеткізу

 

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлауға кемінде үш күн қалғанда және бір күннен кешіктірмей

22.02.2024 жылдан ерте емес және 24.02.2024 жылдан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

 

 

24. Дауыс беру үшін сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

25.02.2024 жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

25. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

26. Дауыс санау және сайлау учаскелерінде әкімдерді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                  

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8-т), 43-б. 1-т)

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалардың көшірмелерін сайлау учаскелерінің үй-жайларында жалпыға бірдей танысу үшін арнайы белгіленген жерде іліп қою                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық сайлау комиссияларына ұсыну                                               

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

29. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу

 

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

 (113-10-б.)

 

30. Бұқаралық ақпарат құралдарында әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарламаны жариялау

 

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлауды өткізген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

 (44-б, 45-б)

 

31. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

02.03.2024 жылдан кешіктірмей

(45-б, 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Жарияланған күні

17 қаңтар 2024 10:52

Жаңарту күні

17 қаңтар 2024