ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 13 қазанда Қармақшы аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мәселелері бойынша Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 12 қазандағы Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 12 қазандағы №60/98 қаулысына сай Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалды.
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының отырысында 5 мәселе қаралды.
- 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қармақшы аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Күнтізбелік жоспарды бекіту туралы;
- ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/99 қаулысымен бекітілген күнтізбелік жоспарына сәйкес, аудандық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекіту туралы;
- Қармақшы аудандық және округтік сайлау комиссиясының барлық мүшелері мен аудандық сайлау комиссиясының сарапшы мамандарын 2026 жылдың 13 қазанынан бастап 29 қараша аралығында және Қармақшы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының барлық мүшелерін 2026 жылдың қараша айының 8-29 аралығында жұмысқа тарту туралы;
- 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қармақшы ауданы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу және өткізу кезеңінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы мүшелерінің демалыс және мереке күндердегі кезекшілік кестесін бекіту туралы;
- Қармақшы ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің өз өтініштері бойынша міндеттерін атқарудан босату туралы;
Комиссия мүшелерінің дауыс беруімен Қармақшы аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын өткізу мен ұйымдастыруға арналған Күнтізбелік жоспар бекітіліп, күн тәртібінде қаралған өзге де мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Айта кетейік, Қармақшы ауданында барлығы 49 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 1 аумақтық, 13 округтік және 35 учаскелік сайлау комиссиясы бар.
Аталған комиссиялардың құрамында жалпы 325 мүше қызмет атқарады. Атап айтқанда, аумақтық сайлау комиссияларында – 7, округтік комиссияларда – 65, учаскелік комиссияларда – 253 комиссия мүшесі бар.
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы
11