2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қармақшы ауданы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қармақшы ауданы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 2), 8) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/99 «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысын, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы отырысының 2026 жылғы 13 қазандағы №195 хаттамасын негізге алып, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қармақшы ауданы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Қармақшы ауданы бойынша Қармақшы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
- Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
Төраға Р.Ефенов
Хатшы Г.Жубаидаев
Жосалы кенті ,
2026 жылғы 13 қазан ,
№АСК-26/260
8