Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №362 «2026-2028 жылдарға арналған Ақтөбе ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №362 «2026-2028 жылдарға арналған Ақтөбе ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1) кірістер – 109 271,1 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 11 439 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 300 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 115 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 93 417,1 мың теңге;

         2) шығындар – 109 886,6 мың теңге»;

жаңа мазмұндағы 7-2 тармақтармен толықтырылсын:

«7-2. 2026 жылға арналған Ақтөбе ауылдық округінің бюджетінде облыстық бюджет есебінен қаралған нысаналы трансферттер 7-қосымшасына сәйкес бекітілсін».

Көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Көрсетілген шешім осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жарияланған күні

17 шілде 2026 12:59

Жаңарту күні

17 шілде 2026