Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылдық округі әкіміне кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-2-бабының негізінде әкім болуға кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынылған мәліметтері негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Әкім болуға Әбдиев Бахытжан Жүргенұлы, Байғабылов Төрехан Тілеубайұлы, Еркебаев Ерлан Мырзабекович, Қаниев Қайрат Бөгенбайұлы кандидаттар ретінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының көзделген талаптарына сәйкес келеді.
- Осы шешім Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
|
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы |
Р. Ефенов |
|
|
|
|
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының хатшысы |
Г. Жубаидаев |
Жосалы кенті
17 маусым 2026 жыл
№61
3
17 маусым 2026 22:22
17 маусым 2026