Артқа

Қаракөзов Батыржан Көмекбайұлы

«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы

Жалпы ақпарат, білімі

Қаракөзов Батыржан Көмекбайұлы 1962 жылдың 24 қыркүйегінде Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1985 жылы «электрик-инженер» мамандығы бойынша Алматы энергетика институтын, 1999 жылы «экономист» мамандығы бойынша  Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін бітірген.

Техниқалық ғылымдарының кандидаты, «Scopus» базасында 11 ғылыми жұмыс жариялаған.

Мансап

Еңбек жолы:

13.08.1985 - 30.10.1986 ж.ж. - «Қызылордаколхозқұрылыс» тресінің аға энергетигі;

30.10.1986-07.07.1987ж.ж.аралығында «Қызылордаоблагроөнеркәсіпқұрылысы» одағының бас энергетигі;

13.07.1987 - 15.10.1991 ж.ж. аралығында - «Қызылордакүрішмаш» заводының бас инженер-энергетигі;

17.10.1991 - 01.09.1993 ж.ж. аралығында - «Фортуна» кооперативінің төрағасы;

03.09.1993 - 07.01.1997 ж.ж. аралығында - «Ансат-Кзыл-Орда» аймақтық сауда үйі АҚ-ның президенті;

10.01.1997 - 22.05.1997 ж.ж. аралығында - Қызылорда қаласы әкімінің аппараты қаланы жылу энергиясымен жабдықтау бөлімінің меңгерушісі;

22.05.1997 - 08.06.1999 ж.ж. аралығында - Қызылорда қаласы әкімінің аппараты өнеркәсіп, көлік және байланыс бөлімінің меңгерушісі;

08.06.1999 - 05.07.1999 ж.ж. аралығында - Қызылорда қаласы әкімінің аппараты өнеркәсіп және сауда бөлімінің меңгерушісі

05.07.1999 - 24.08.2001 ж.ж. аралығында - Қызылорда облысы әкімінің аппараты облыс әкімі орынбасарының консультанты

24.08.2001 - 02.12.2002 ж.ж. аралығында - «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамы дебиторлық және кредиторлық берешектерді өндіріп алу қызметінің бастығы

28.10.2002 - 25.03.2007 ж.ж. аралығында - «НЭК-Алафрахт» ЖШС БК филиалының директоры

25.03.2007 - 28.07.2008 ж.ж. аралығында - Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары

28.07.2008 - 11.06.2009 ж.ж. аралығында - «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы»  бастығының орынбасары

11.06.2009 - 01.07.2011 ж.ж. аралығында - Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы

01.07.2011 - 20.02.2012 ж.ж аралығында - Қызылорда облысының құрылыс басқармасының бастығы

20.02.2012 - 03.09.2012 ж.ж. аралығында - Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы

03.09.2012 - 13.11.2012 ж.ж. аралығында - Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі;

13.11.2012 - 22.10.2014 ж.ж. аралығында – «Қазақстан тұрғын үй-құрылыс корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

08.12.2014 - 06.01.2021 ж.ж. аралығында – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Атомдық және энергетикалық  жобаларды дамыту департаментінің директоры

08.01.2021 - 24.03.2022 ж.ж.аралығында – «Ядролық физика институты» РМК бас директоры

11.05.2022 ж. бері – «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы.