Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына бақылау кеңесінің мүшесі лауазымдық қызметіне Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы конкурс жариялайды.
Конкурс өткізілетін күн: Конкурсты өткізу туралы хабарландыруды жариялағаннан бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін.
Конкурс өткізілетін орыны: Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы, мекенжайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының ғимараты, №207 бөлме.
Кәсіпорынның атауы, орналасқан жері, пошталық мекенжайы және байланыс телефоны: 120008, «Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Берке Хан көшесі, 49А, байланыс телефоны: 8 (7242) 90-74-30, e-mail: Onkolog_kzo@med.mail.kz денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Негізгі қызметі: Қызылорда облыс халқына оның ішінде онкологиялық науқастарға мамандандырылған стационарлық амбулаториялық көмек көрсету.
Бақылау кеңесіне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар: жоғары білімнің болуы, сондай-ақ төмендегі мынадай талаптардың бірінің:
1) Денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) Денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) Денсаулық сақтау және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылға);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесіне соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың үзінді көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Үміткер конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте үміткердің аты, жөні,тегі және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн аралығында Қызылорда қаласы, Абай даңғылы. 27-үй мекен-жайы бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылуы тиіс. Анықтама үшін байланыс телефоны: 8 (7242) 40-01-51 (3007).
8