Егін шаруашылығы бойынша анықтама 1 қазан

Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 193,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.

Оның ішінде дәндi дақылдар 91,2 мың гектар, майлы дақылдар 9,6 мың гектар, мал азықтық дақылдар 75,9 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 16,9 мың гектар.

Өткен жылмен салыстырғанда күріштің көлемі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 10,9 мың гектарға қысқарып,  70,1 мың гектар күріш егілді.

Осыған сәйкес, күріш дақылын жинау жұмыстары бойынша 58 581 гектары орылып, 50 115 гектары бастырылды, орта өнім  50 ц/га.

Бүгінгі күнге, 2027 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша 10 214 тонна күріш тұқымы құйылды.  

2026 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 65,6 мың тоннаны құрайды.

Сонымен қатар, қажетті 85,4 мың литр гербицид толық сатып алынды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бойынша қолда бар 3975 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары толық жөндеуден өткізілді (100%)

(Анықтама ретінде: 1843 трактор, 535 комбайн, 462 жатка, 350 жүк көлігі және 785 трактор тіркемелері)

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тарапынан егіс жұмыстарына қажетті 20,3 мың тонна көлемінде арзандатылған дизель отынына өтінім берілді. Оның ішінде көктемгі дала жұмыстарына 10,1 мың тн, күзгі егін жинау жұмыстарына 10,1 мың тн.

Бүгінгі күні бекітілген кестеге сәйкес, жергілікті операторлар арқылы шілде, тамыз, қыркүйек айларына бөлінген 8,7 мың тонна дизель отынының толық келісім шарт жасалып, 7,5 мың тоннасы қаржысы төленіп, облысқа 6,3 мың тоннасы жеткізілді.

Шаруашылықтарға жеткізілетін арзандатылған дизель отынының бағасы литріне 290-291 теңге болып айқындалған.

Жарияланған күні

05 қазан 2026

Жаңарту күні

05 қазан 2026

Қызмет бағыты