«ҮЗДІК КӨШЕ НАУРЫЗЫ» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

ХАБАРЛАНДЫРУ


«ҮЗДІК КӨШЕ НАУРЫЗЫ» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ


Биыл қаламызда алғаш рет, Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында, Арал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Үздік көше наурызы» байқауы өткізіледі.


Көше тұрғындарының ауызбіршілігін, ұйымшылдығын арттыру, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және ұлттық мерекеміз бен салт-дәстүрлерімізді дәріптеу мақсатында өткізілгелі жатқан бұл байқаудың болашақ жас ұрпақтарға зор үлгі өнеге болары анық.


Байқау 22-наурыз күні өткізіледі. Көше сайысына қала аумағына қарасты барлық көше тұрғындары бірлесіп, қатыса алады және нәтижелерді бағалау жұмыстарына Арал қаласы әкімі аппаратының қызметкерлерінен құрылған тәуелсіз сарапшылар тобы құрылады.


22 наурыз күні сағат 11:00 - 20:00 аралығында тәуелсіз сарапшылар қала көшелерін аралап, бағалау жұмыстарын жүргізеді.


Сарапшылардың қорытындысымен үздік өткізілген көше Наурызы марапатталатын болады.


Жүлдеге салуда ескерілетін жағдайлар: жоғары деңгейде ұйымдастыру, ұлттық тағамдар әзірлеу, ұлттық нақыштағы киімдермен мереке өткізу.


Осы орайда, барша қала тұрғындарына өткізілгелі жатқан байқауға ауызбіршілікпен қатысуға шақырамыз!

Жарияланған күні

20 наурыз 2024

Жаңарту күні

20 наурыз 2024