
Ақжарма ауылдық округінің Баймұрат батыр ауылындағы 150 орындық "Мәдениет Үйі "құрылысын кезектілікке қарамастан салу мәселесін мемлекеттік – жекешелеу әріптестік тетіктері аясында 2019 жылы 1,2 гектар жерді аукцион арқылы қалалық мәслихат депутаты Қайрат Орынбасарұлы алып, 2020 жылы құрылысы аяқталып қолданысқа берілді.
Мәдениет Үйінде 14 қызметкер жұмыс жасайды
Басшысы: Баймбетова Айман Аппазовна
Мәдениет Үйінде: директор, әдістемелік бөлме, ардагерлер бөлмесі, кітапхана бөлмесі, үйірмелер бөлмесі, әрлену бөлмесі орналасқан. Ақжарма мәдениет Үйінде 5 үйірме жұмыс жасап келеді. Атап айтар болсақ, «Әуен» ән, «Жұлдыз би», «Маржансөз» мәнерлеп оқу үйірмесі, «Сыр Орда» вокалды аспапты ансамблі, «Сәулем-ай» әжелер ансамблі жұмыс атқарады. Үйірме мүшелері қалалық, облыстық, Халықаралық және Республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.
