Ұлттық ұлан

Дата публикации: 01 декабря 2019

Қай мемлекеттің болмасын мүддесі мен халқының тыныштығы үшін елдің ішкі қауіпсіздігі маңызды рөл атқарады. Адам құқықтары жоғары деңгейде қорғалып, кез келген ұсақты-ірілі құқықбұзушылыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізіліп, темірдей тәртіп сақталған жерде ғана мемлекет экономиканың берік іргетасын қалап, дамудың жаңа кезеңіне сенімді қадам басатыны сөзсіз. Елбасы сөзімен айтсақ, мемлекетіміздің ішкі қауіпсіздігі мен тыныштығы - тұрақты дамудың кепілі. Бұл тұрғыда кешегі Ішкі әскер, бүгінгі Ұлттық ұланның атқарып жатқан қызметі орасан екенін анық.