7 сәуір - Ерлік күні


2022 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан құқықтық тәртіп әскерінің 17 жауынгеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Іс-шараға ІІМ басшылығы, Ұлттық ұлан қолбасшылығы, ҚР Парламентінің депутаттары, жергілікті атқарушы билік органдарының, қоғам өкілдері, әскер және локальды қақтығыстардың ардагерлері қатысады. Гүл шоқтарын қою рәсімі митингінен кейін, Ұлттық ұлан мен Шекара қызметі астаналық гарнизондарының жеке құрамы салтанатты маршпен өтеді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысына сәйкес, 1993-1999 жылдар аралығында Ішкі әскерлердің жедел мақсаттағы бөлімдерінен екі мыңнан астам сарбаз мен офицер тәжік-ауған шекарасында Қазақстан Республикасының құрама батальонының құрамында жауынгерлік тапсырмаларды орындады.
1995 жылғы 7 сәуірде Ішкі әскерлер жауынгерлері үшін қайғылы оқиға орын алды. 27 жыл бұрын, Тәжікстан Республикасының Пшихавр тау шатқалында Шымкент Ішкі әскерлер полкінің құрама ротасына содырлар кенеттен қарулы шабуыл жасайды. Төрт сағаттқа ұласқан теңсіз ұрыс барысында жаудың басымдығына қарамастан біздің жауынгерлер тойтарыс беріп, оларды кері шегінуге мәжбүр етті. Бұл қанды шайқаста 17 жауынгер қаза тауып, 33 адам жарақат алды. Бірақ біздің жауынгерлеріміз «Қазбаттың» (қазақстандық батальонның) намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмей, өздерінің әскери борышын абыроймен орындап, антқа адал болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 20.11.1996 жылғы Жарлығымен ТМД-ның сыртқы шекараларын қорғау бойынша әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен 5 адам және 12 адам «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен (қаза тапқаннан кейін) марапатталды.
Қазақстандық жауынгерлерге тәжік халқына көрсеткен көмегі үшін терең ризашылық белгісі ретінде Душанбеде монумент тұрғызылды. Республикамыздың астанасында «Отан – Ана» монументінің жанында Ішкі әскерлердің 17 батырын еске алу аллеясы және ескерткіш тақта ашылды. Батырларға арналған ескерткіштер Шымкент, Петропавл және еліміздің басқа да қалаларында ашылды.
Айта кетейік, 2019 жылы осы оқиғада ерлікпен мерт болған жауынгерлердің есімін ұлықтау және өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында «Қазбат» көркем фильмі жарыққа шықты.
7 сәуір күні Ұлттық ұланның бөлімшелері орналасқан еліміздің барлық өңірлерінде жеке құрам, ардагерлер, қаза болғандардың жақындары, әріптестері, достары мен жолдастары ескерткіштерге, гүлзарларға, аллеяларға жиналып, Отанымыздың қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі үшін әскери борышын соңына дейін орындағандарға құрмет көрсетеді.
Іс-шара 2022 жылғы 7 сәуір күні сағат 10.00-де өтеді.
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, «Отан – Ана» Отан қорғаушылар алаңы, Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің жауынгерлеріне арналған ескерткіш. Аккредитация үшін эл.пошта: press_kvv@mail.ru
Байланыс телефондары: 72-40-85, 8775-258-52-21, 8701-585-11-55.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
07 сәуір 2022
г. Нур-Султан, площадь защитников Отечества «Отан – Ана», обелиск воинам Внутренних войск МВД РК
Хабарландыру