ҚР Ұлттық ұланының логотипі

Меню

Страницы

Статья

Кадрлық жұмыс пен әскери білім беру

Ұлттық ұланның кадры мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден, сарбаздар мен сержанттар құрамы лауазымдарындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілерден және офицерлерден, әскери оқу орындарының курсанттарынан, сондай-ақ азаматтық персоналдан (жұмысшылар, қызметшілер) тұрады.

Ұлттық ұланды мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) әскерге шақырылушылар қатарынан жасақтайды.

Сарбаздар мен сержанттар құрамы лауазымдарындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ретінде әйелдерді қоспағанда, мерзімді әскери қызмет өткерген немесе өтеусіз негізде Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өткен азаматтар қабылданады.

Офицерлік құрам лауазымдары негізінен әскери оқу орындарының – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның әскери Академиясы және шетел мемлекеттерінің әскери оқу орындарын (ЖӘОО және мамандықтардың тізімі жыл сайын айқындалады) бітірушілер қатарынан жасақталады.

2024 жылға Ұлттық ұлан үшін офицерлік кадрларды даярлау бойынша әскери оқу орындарына қабылдау жарияланады!

Егер Сіз әскери оқу орнына түсуге және офицер ретінде Отанға қызмет етуге ниет білдірсеңіз, төменде келтірілген алгоритммен және жиі қойылатын сұрақтардың жауабымен танысыңыз.

 

Дата публикации
16 февраля 2024
Дата обновления
16 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Газет
10 июля 2026
(2026) № 12 "Қалқан" электрондық газеті
Газет
10 июля 2026
(2026) № 8 "Қалқан" электрондық газеті
Газет
10 июля 2026
(2026) № 9 "Қалқан" электрондық газеті

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы