«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

15-тармақ мынадай мазмұндағы 147-5) тармақшамен толықтырылсын:

«147-5) білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекітеді;».

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 


 

Қазақстан Республикасының                                               О. Бектенов

Премьер-Министрі

 


 

 

Қаулы жобасы
Дата публикации
11 июня 2024