Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Ашық диалог
Мұнда Сіз мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдап, ресми жауапты ала аласыз.
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруБұйрық бойынша Сізге тұрғын үй төлемдері бекітілген. Бірақ, қазіргі уақытта қаржының тапшылығына байланысты төлемдерді өтеу мүмкін болмай тұр. Тиісті қаржы бөлінген бойда Сізге бір реттік тұрғын үй төлемдері беріледі.
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) 101-2 бабы 6 пунктіне сәйкес, әскери міндеттерін атқару барысында зардап шеккен (жарақат, жара, ми шайқалуы) немесе ауру тапқан, осы себепті әскери-дәрігерлік комиссия шешімімен әскери қызметке жарамсыз деп танылған әскери қызметшілерге әскери тізімнен шығарылған кезде тұрғын үй төлемдері бір реттік қаржылай компенсация ретінде бірге беріледі. Бұл норма 2018 жылдың 1 қаңтарынан қызметтен денсаулығына байланысты босатылған әскери қызметшілерге ғана тиесілі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің статусы» туралы Заңының 51 бабы 3 пунктіне сәйкес келісім шарт негізіндегі әскери қызметшіге әскери-жауынгерлік міндеттерін өткеру кезеңінде сырқаттануы, жарақат алуына байланысты мүгедектік тағайындалған жағдайда қызметтен босатылған күннен бастап бір жылға дейін: 1) І топ мүгедегіне – отыз айлық көлеміндегі қаржы; 2) ІІ топ мүгедегіне – он сегіз айлық көлеміндегі қаржы; 3) ІІІ топ мүгедегіне – алты айлық көлеміндегі қаржы төленеді.
ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің статусы» туралы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, 2017 жылдың 26 маусымынан бастап мемлекеттік немесе әскери қызметтен, мемлекеттік арнайы органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттар мен әділет органдарынан теріс қылығы үшін қызметтен босатылған тұлғаларды келісімшарт негізінде әскери қызметке қабылдауға заңнамалық тұрғыда тыйым салынған. Осының негізінде, ҚР Ұлттық ұланы Сізді қызметке қабылдаудың мүмкін еместігін хабарлайды.