
Тәрбіе жұмыс

Ұлттық ұланда әскерге шақырылымға дейінгі және шақырылушы жастар арасында жоғары патриоттық сана-сезімді, Отан мүдделерін қорғаудағы азаматтық борышты орындауға
дайындығын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жолға қойылған. Патриоттық акциялар аясында әскери бөлімдерде ақпараттық-насихаттық топтар жұмысы ұйымдастырылған. Мұның шеңберінде офицерлердің әскерге дейінгі жастармен кездесуі, ашық есік күндер өткізіліп, аймақтық билік өкілдері, саяси партиялар, соғыс және еңбек ардагерлері, белгілі тұлғалардың қатысуымен патриоттық тәрбиенің өзекті тақырыптарында дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастырылады.
2003 жылдан бастап құқықтық тәртіп әскерінің әскери бөлімдерінің жетекшілігімен 50-ден астам
«Жас Бүркіт» әскери-патриоттық сыныптары және 30-дан астам спорттық әскери-патриоттық клубтар жұмыс істейді.

ҚР Ұлттық ұланның әскери басылымдар
Ведомстволық басылым алғаш рет 1961 жылы "На боевом посту" деген атпен жарыққа шықты. Кейін газет атауы "Дзержинец", "Қалқан-Щит"болып өзгертілсе, қазіргі таңда "Қалқан" ретінде оқырмандарының жүрегіне жол тауып отыр. Газет өзінің жарты ғасырдан астам шығармашылық жолында Ішкі әскердің, бүгінгі Ұлттық ұланның ұрпаққа ұран болар жауынгерлік жолы мен ерлік дәстүрлерінің жаршысына айналды. Бүгінгі таңда да қасиетті қаламға адал шығармашылық ұжым әр кезекті саны арқылы әскери тәртіп пен жауынгерлік даярлықты арттыруға айтарлықтай өз үлестерін қосып келеді.
2004 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің сол кездегі Бас қолбасшысы генерал-полковник Қайырбек Шошанұлы Сүлейменовтың бастамасымен түрлі-түсті безендірілген журнал жарыққа шығып, оған Ішкі әскерлердің «Бүркіт» арнайы әрекет ету бөлімшесінің атауы беріліп, оқырманға жол тартқан болатын. Бүгінде "Бүркіт" журналы жеке құрамды ата-балаларымыздың жауынгерлік дәстүрлеріне адалдық, отансүйгіштік пен қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге зор ықпал етіп келеді. Басылымның әр саны Ішкі әскердің жауынгерлік жолынан сырт шерткен тарихи құнды жәдігерге айналған.
Ведомстволық басылым беттерінен әскери бірлестіктердің, құрылымдар мен әскери бөлімдердің тыныс-тіршілігі, жедел жауынгерлік қызметі, үздік офицерлер жайлы очерктер, әскери саладағы түрлі толғақты мәселелерді қамтыған материалдарды жиі көруге болады.
2010 жылы редакция ұжымы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Фатихұлы Жақсылықовтың жетекшілігімен жаңа шығармашылық жоба жүзеге асырылып, «Бүркіт» журналының қосымшасы ретінде тоқсанда бір жарық көретін оқу-әдістемелік «Ішкі әскер жаршысы» (бүгінде атауы «Ұлттық ұлан жаршысы» боп өзгертілген) шыға бастады. Бұл ұжымдық шығармашылық еңбекте Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетіне арнап әдістемеліккеңес-нұсқаулықтар мен жүзеге асырылған жобалар топтастырылған.
|
ҚР Ұлттық ұланның ардагерлер кеңесі
ҚР Ұлттық ұланының Ардагерлер ұйымы ішкі істер органдарының ардагерлер ұйымның маңызды бөлшегі болып табылады және өз даңқты тарихында ондаған жылдары мен үлкенді-кішлі игілікті істері бар. Ресми тарихы 20 ғасырдың 70 жылдары басталды. КСРО Ішкі әскерінің Әскери кеңесінің шешімімен Қазақстан және Қырғызстан бойынша әскер басқармаларында ардагерлік ұйымдар құрылды. 1978 жылы желтоқсанда алғашқы жиналыс болды. Бүгін Ұлттық ұлан Ардагерлері кеңесінің төрағасы генерал-майор Токушев Қалиақпар Жұбанышұлы, орынбасары полковник Парпура Александр Владимирович болып табылады. Әрбір әскери қызметшіге жеке тәжірибе беру - ардагерлердің жұмысын ерекшелендіреді және оны тек қана мағыналы және практикалық етіп қоймай, сонымен қатар ардагерлердің өз орнында қажетті екендігін шынайы айтуға мүмкіндік береді. Командир-әкейлермен, тәрбиелік құрылымдармен, әскери қоғадық ұйымдармен бірге бұл – жауынгерлер мен сержанттарды, жас офицерлерді қазақстандық патриотизм рухында, байырғы батырлардың үлгісінде тәрбиелейтін біріккен қуатты күш. Ардагерлер үлкен ынта-жігермен барлық санаттағы қызметкерлермен кездесулерге қатысады. Бұл мерекелік шаралар, әскердің өміріндегі атаулы датаға байланысты шаралар, жас шақырылымның әскери ант қабылдауы, әскери бөлімдердің құрылу күндері, ашық есік күндері, жауынгерлік қызмет пен оқу шеберлерін құрметтеу кештері.
|
ҚР Ұлттық ұланның әскери-оркестрлік қызмет

Ұлттық ұланның әскери-оркестрлері әскери-патриоттық жұмыстарға орасан зор үлес қосып келеді. Олар жауынгерлік дәстүрлер, мәдени-көпшілік және спорттық шараларды қамтамасыз етуге белсенді қатысады, концерттік-ағартушылық жұмыстарды атқарады. Әскери музыканың жолсерігі ретінде әскерде атқарылатын көркем-шығармашылық істерге қолдау көрсетеді. Ұлттық ұланның бастауымен өткізілетін дәстүрлі «Әскери керней» әскери-музыкалық фестивалі халықаралық сипатқа ие болды.

Бұдан бөлек Ұлттық ұланның әскери оркестрлері Ресей Федерациясында өтетін көптеген фестивальдердің тұрақты қатысушысы. 2019 жылы әскердің Үлгілі-көрсетімді оркестрі тұңғыш рет атақты «Спасск мұнарасы» халықаралық әскери-музыкалық фестиваліне қатысып, дауыс беру нәтижелері бойынша д 14 шетелдік оркестрдің ішінде үшінші орынға ие болды.
ҚР Ұлттық ұланның ән және би ансамблі

Ұлттық ұлан Ән-би ансамблі әскердің жеке құрамын патриоттық, идеологиялық, мәдени және эстетикалық тәрбиелеуге бағытталған, кәсіби көркем-шығармашылық ұжым болып табылады.
Ансамбль құрамында концерттік оркестр, ерлер хоры, би және фольклорлық топтар, солистер мен вокалистер бар. Музыканттар көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдесіне ие болған. Оның ішінде бесеуі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ал біреуі Мәдениет қайраткері болып табылады.