Мұсабеков Тимур Төлегенұлы
ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
Мұсабеков Тимур Төлегенұлы 2003 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің жоғары әскери училищесін бітірген.
2019 жылы Ұлттық қорғаныс университетін тәмамдады.
Мансап
2003 жылғы шілдеден 2026 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланында түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2026 жылғы 30 қазаннан бастап – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары.
ІІ, ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медальдарымен және басқа да мерейтойлық медальдармен марапатталған.