ҚР ҚМ ІМАК Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Сәйкестік аудиті бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы, "А" блогі, С-О-5 санаты, ІМАД-5-4
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
Шымкент қаласы
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
"Мемлекеттік аудитор" біліктілігі бар мемлекеттік аудитор сертификатының бар болуы
Функционалды міндеттер
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, мемлекеттік мекемелердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларынсақталуын тексереді, бағалау жүргізеді және жыл сайынғы сәйкестік аудитін жүзеге асырады. Аудит жоспарын және бағдарламасын, аудиторлық нұсқау мен тапсырмаларды, аудиторлық есептерді, аудиторлық қорытындыны жасау мен ресімдеу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттар мониторингін жүргізу, сәйкестік аудитін жүзеге асырады. Анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген адамдардың жауапкершiлiгiн қарау туралы мемлекеттiк органдар, ұйымдар және мемлекеттiк аудит объектiсiнiң лауазымды адамдары орындауға мiндеттi қаулы жобасын әзiрлейді. Мемлекеттік аудит объектілеріне жіберілген анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы ұйғарымдардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.Құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға, мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған істер бойынша тексеру материалдарын уақтылы беру жөнінде шаралар қабылдау, қабылдау туралы ақпаратты сұратады. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, тәртіппен және мерзімдерде бюджет заңнамасы, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, аудит саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды. Талап арыздарды ресімдеуге және оларды сотқа жіберуге, сондай-ақ бөлімнің аудиторлық қызметіне қатысты мәселелер бойынша Департаменттің талап-арыздық жұмысына қатысады. Тәуекелдерді басқару жүйесінде жұмыс жүргізу және ішкі мемлекеттік аудит нәтижелерін/сарапшылық қорытындыны қаржылық бақылау» ішкі жүйесіне уақтылы енгізеді. «Е-Қаржы Министрлігінің Тәуекелдерді басқару жүйесі» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізеді. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаларға салынған әкімшілік айыппұл сомасын бюджетке өтеу туралы ақпаратты жедел қамтамасыз ету бөліміне уақтылы ұсынады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, бөлім құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде азаматтардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды. Бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде жүзеге асырады. Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары мен ережелеріне қатаң сәйкестікте жүргізеді. Е-Минфин ішкі жүйесіне аудит материалдарын енгізе отырып, Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау ережелеріне сәйкес аудит материалдарын орындау және аудит материалдарын уақтылы, сапалы орындау бойынша есеп беру нысанын дайындау, толтыру» «СУР/ФК», сондай-ақ ЕРСОП бағдарламасында аяқталған аудиторлық іс-шараларға уақтылы жабу купондарын жолдайды. Аудиторлық қорытындыдағы ұсынымдар мен нұсқамаларды міндетті түрде орындауға бағытталған деректердің мониторингін жүйелі негізде жүзеге асырады. Анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды тұлғалардың орындауы міндетті нұсқамалар шығарады. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тек мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпарат пен нақты деректерге негіздейді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ақпарат дайындауға қатысады. Ішкі аудит нәтижелері туралы есепте берілген ұсынымдарды және мемлекеттік аудит объектісі және басқа да мүдделі тұлғалар жіберген растаушы құжаттарды қарау нәтижелері туралы ақпараттың уақтылылығы мен толықтығын бақылайды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау. Аудиторлық іс жүргізу материалдары бойынша сотқа шағымданған істер бойынша, тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы қаулыны заңсыз деп тану туралы сотқа берілген талап-арыздар бойынша сотқа қатысуға және Департаменттің мүддесі үшін әрекет етеді. Аудит объектілерінің ұйғарымдарды орындауын, оның ішінде бюджетке өндіріп алуға және өтеуге жататын сомаларды өндіру және өтеу бөлігінде бақылауды жүзеге асырады. Соттарда (сенімхат бойынша), ұйымдарда және мемлекеттік органдарда басқарманың мүддесін білдіреді. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, олардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды. Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес берілген құқықтар шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің штат кестесіне сәйкес бұл лауазым "А" функционалдық блогына (грейд 4) жатады
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.utimanova@minfin.gov.kz
- 24.06.2026
- Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 (ZOOM арқылы)
-
8-7172-71-70-11