ҚР ҚМ ІМАК Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, № ООД-3 индексі, "В" блогы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
Алматы қаласы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Департамент қызметкерлерін ақпараттық бағдарламалық жүйелермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу (EPS, «eQyzmet», БҚА «Documentolog электрондық құжат айналымы» «е-Өтініш», «е-Мұрағат»). Департаменттің штаттық кестесін құру. Департаменттің мемлекеттік қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша жобаларды әзірлеуге қатысу. Ұйымдастыру мәселелерін, оның ішінде ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша, оның ішінде жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ), әлеуметтік желілермен байланыс, әлеуметтік желілердегі онлайн-трансляциялар бойынша бөлімдердің ақпараттық-талдау жұмысын жүргізу. Департамент қызметкерлеріне қатысты теріс фактілер бойынша БАҚ-та жарияланымдар мен сөздерді жинақтау және ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне жіберу. Департамент қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Комитет пен Департамент басшылығының тапсырмаларын және басқа да міндеттерді орындау. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету, заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімде бөлім құзыреті шегінде азаматтардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Департаменттің атына келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың шағымдарының, өтініштерінің, хабарламаларының, сұрау салуларының, пікірлері мен ұсыныстарының есептік мәліметтерін «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде тіркеу және жүргізу, Алматы қаласы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасының органдарымен салыстыруды және ҚСжАЕАК Алматы қаласы бойынша басқармасына есептерді ұсынуды қамтамасыз ету. Департаменттің кіріс және шығыс хат-хабарларын БҚА «Documentolog» ақпараттық жүйесіне тіркеу. Есепке алуды олардың толық қаралуына дейін жүргізу. Сондай-ақ, кіріс және шығыс хат-хабарлар журналдарын жүргізу және жеке және заңды тұлғалардың азаматтарын қабылдауды есепке алу және Департаменттің құжат айналымы бойынша есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету. Мемлекеттік тіл туралы заңнаманың орындалуын ұйымдастыруды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Комитет пен Департамент басшылығының тапсырмаларын және басқа да міндеттерді орындау.
Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің штат кестесіне сәйкес бұл лауазым "В" функционалдық блогына (грейд 3) жатады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ra.omerbaeva@minfin.gov.kz
- Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 (ZOOM арқылы)
-
8 (71 72) 71-78-10